​Зымыран жарылып алапат өрт болды

0
1 684

Апаттың соңы алапат өртке ұласқан.


​Зымыран жарылып алапат өрт болды

Жапонияда ұшырылған зымыран жарылып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жапон жерінде зымыран құрастырумен айналысатын жекеменшік Interstellar Technologies Inc. компаниясы бар. Жуырда осы фирмаға тиесілі аппарат ұшырылғанына бірнеше секунд өтпей жатып жарылып кетті.

Бұл туралы жергілікті NHK хабарлайды.

Апаттың соңы алапат өртке ұласқан. Оқиға орнындағы жедел әрекет ету қызметтерінің жылдам қимылы арқасында қызыл жалын сөндірілді.

Еске сала кетсек, осыдан 1 жыл уақыт бұрын да жекеменшік зымыран ұшырылып, ол әрекет сәтсіз аяқталды. Себебі зымыран техникалық ақаудан Тынық мұхитқа құлады.