«5-20-25»: Тұрғын үй алуға тағы бір мүмкіндік

0
1 693

Аталған бағдарламаға өтініш "baspana" интернет – ресурсы арқылы беріледі.


 «5-20-25»: Тұрғын үй алуға тағы бір мүмкіндік

Шымкент қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген барлық азаматтардың «5-20-25» бағдарламасымен баспаналы болуына мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бағдарлама талаптары:
– Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;
– тиісті қаржы республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген шамасын қоса алғанда (2021 жылға - 34 302 теңге), (126 917 теңге), отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табыстың болуы; Бұған зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар кірмейді.
– Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тіркелу;
– төлем қабілеттілігін растау;
– «5-20-25» бағдарламасы бойынша пәтердің бағасы 10 млн теңге болса, жылдық мөлшері 5 пайыз, алғашқы жарна 20 пайызбен 2 млн теңге деп есептеліп, жобамен ай сайынғы төлем 55 667 теңгені құрайды. Ал сатып алатын тұрғын үйдің құны 15 млн теңге болса, жылдық пайыздық мөлшері өзгермейді, яғни сол 5 пайызбен алғашқы жарна 20 пайыздық мөлшермен 3 млн болып есепетеліп, ай сайынғы төлем алғашқы 8 жылда 83 500 теңге, ал қалған 11 жылға бұл төлем сомасы 69 000 теңгеге азаяды.
Аталған бағдарламаға өтініш "baspana" интернет – ресурсы арқылы беріледі. Бұл бағдарлама бойынша да бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін беретін тұрғын үй сертификатын пайдалана алады.
Айта кету керек, Шымкент қаласында өткен жылы аталған бағдарлама бойынша 694 азамат, 2021 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 339 азамат өзінің баспанасына қол жеткізді.