АӘК алуға өтінішті қалай беру керек

0
868

Атаулы әлеуметтік көмекке egov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады.


АӘК алуға өтінішті қалай беру керек

ERNUR.KZ. Елімізде енгізілген карантиндік жағдайға байланысты азаматтардың сақтығы үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі АӘК тағайындауды автоматты түрде ұзартты, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанда төтенше жағдай енгізу кезеңінде 2020 жылғы 31 наурызына дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың қауіпсіздігі үшін АӘК келесі тоқсанға (2 тоқсанға) азаматтардың өтінішінсіз автоматты түрде ұзартылды. Мұндай шара елімізде пандемияның таралуына жол бермеу мақсатында ғана енгізілді.

Ал, 2020 жылғы 3 тоқсанда (шілде-қыркүйек) елдегі коронавирус індетінің таралуы жағдайын ескеріп, қызмет алушылармен тікелей байланысты болдырмау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "өтініш берушілердің қатысуынсыз АӘК тағайындау" туралы шешім қабылдады.

Бұл үшін "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде барлық белсенді АӘК алушыларға 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 2 тоқсанның табысын ескере отырып, 3 тоқсанға арналған өтініштер автоматты түрде қалыптастырылды.

Айта кету керек, 3 тоқсанға АӘК тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысына кейбір табыстар есепке алынбаған:

- Бірыңғай жиынтық табыс (БЖТ);

- Төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем (42500 теңге)

Сондай-ақ, АӘК-ге алғаш рет өтініш беретін азаматтар egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы "байланыссыз" тапсыруға мүмкіндік жасалған.