Әлемдегі ең терең мағыналы инсталляциялар

0
3 202

Көңілсіз, бірақ мағыналы инсталляциялар.


Әлемдегі ең терең мағыналы инсталляциялар

Әлемнің әр түкпіріндегі суретшілер мен сәулетшілер шығармашылық композициялар жасайды. Ол туындылар ұзақ тұрмауы да мүмкін (алты ай, бір ай, тіпті бірнеше секунд). Алайда олар терең идеямен құрылса, адамзат жадында мәңгі сақталып қалуы мүмкін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын еске алуға арналған инсталляция

Өте әдемі сурет. Бірақ мағынасы қайғылы. Түрік суретшісі Вахит Туна 440 жұп аяқ-киімді жинап, оларды Ыстамбұлдың орталығында орналасқан үйдің қабырғасына орналастырған. 440 кездейсоқ сан емес. Міне, жыл сайын күйеуі мен жақын туыстарының қолынан осынша әйел қайтыс болады екен.

Бұл инсталляция тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарын еске алуға арналған.

Туна не үшін аяқ киімді таңдағанын түсіндірді. Оның айтуынша, Түркияның кейбір аймақтарында қайтыс болған адамның аяқ киімін табалдырыққа қою дәстүрі қалыптасқан.

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандардың мұз мүсіндері

Бразилиядан келген суретші Бирмингемде Чамберли алаңына мұздан жасалған адамдардың мүсіндерін орнатты. Ол 5 мың мұз мүсінді баспалдақтарға, жолдарға, шамдарға отырғызды. Олардың әрқайсысына әскерилердің фотосуреттерін қойды. Уақыт өте мұз адамдар ери бастады.

Мұндағы идея Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған жазықсыз адамдардың рухының нәзіктігін көрсету болды.

Көз жасы бағандары

Американдық суретші Тарин Симон Нью-Йорктегі саябақта қайғылы инсталляцияны ұсынды. Ол жартылай шеңбер 11 бетон баған орналастырған, олардың әрқайсысына кіруге болады. Ол жердегі атмосфераның өзі көңілсіз.

Олар бірнеше сағат бойы жылап тұрады. Инсталляцияға кез келген адам кіре алады.

Дереккөз: «Хабар 24»