"Балалар бір-біріне коронавирус жұқтыра қоймайды" - канадалық ғалым

0
829

Ғалымның айтуынша, бұл тұжырым 10 жасқа дейінгі балаларға қатысты.


ERNUR.KZ. 10 жасқа дейінгі балалардың бір-біріне коронавирус жұқтыру ықтималдығы төмен. Бұл туралы канадалық ғалым Бонни Генри айтқан, деп жазады Skifnews.kz.


"Балалар бір-біріне коронавирус жұқтыра қоймайды. Бірақ сақтық үшін көпшілік жерге барып, топ боп бас қоспағандары жөн", – дейді Бонни Генри.


Генри нидерландтық ғалымдардың еңбегіне сүйеніп мынаны айтады. Балалардың бір-біріне, үлкендерге ауру жұқтыруы сирек болса да кездесетін жағдай болғанымен, олар көбіне ауруды үлкендерден, әсіресе отбасы мүшелерінен көп жұқтырады.

Ғалымның айтуынша, бұл тұжырым 10 жасқа дейінгі балаларға қатысты. Олар өтпелі кезең жасына жеткенде организмдері үлкендер сияқты ауру қабылдап, тарататын болады.