"Бүкіл денем ауырады": Қазақстандық педофил кастрация әсеріне шағымданды

0
837

Кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін 78 адам жазасын өтеп жатыр. Олардың екеуіне химиялық кастрация жүргізілді.


ERNUR.KZ. Зорлау әрекеттері үшін жазасын өтеп жатқан сотталушыларлың бірі химиялық кастрациядан қандай ауырсыну сезінгені туралы айтып берді, деп жазды Otyrar басылымы.

Түркістан облысында екі сотталушыға химиялық кастрация өткізілді. Олардың бірі қатты ауырсынуға шағымданып, рәсімді тоқтатуды сұраған.

1679 түзеу мекемесінде кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін 78 адам жазасын өтеп жатыр. Олардың екеуіне химиялық кастрация жүргізілді, бұған дейін сот оларды 15 және 16 жылға бас бостандығынан айырды.

- Мұның бәрі өте қиын, тіпті жауыма да мұндай азапты тілемеймін. Мен көмек сұраймын және осы кастрация туралы заңнамадан бас тарту үшін бәріне жүгінгім келеді, мен үйге оралып, өмірімді жалғастырғым келеді, мен отбасы құруды, балаларым болғанын қалаймын. Инъекциядан кейін бүкіл дененің ауыратыны соншалық, тіпті, жүрудін өзі қиын, бұл өте қорқынышты, - деді жазасын өтеуші журналистерге.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандарды зорлау қылмысын жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған сотталушыларға химиялық кастрация өткізуге ресми түрде рұқсат етілді.

Химиялық кастрация дегеніміз - жыныстық құмарлықты төмендететін антиандрогенді препаратты қабылдау. Мәжбүрлеп емдеуді жүргізу тек қана сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Препараттардың әсері уақытша. Препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін, мысалы, тестостерон деңгейі -жыныстық қатынасқа жауап беретін гормон, адам ағзасында қалыпты жағдайына оралады.