Қарапайым тәсіл: Ғалымдар коронавирустан қалай сақтануға болатынын анықтады

0
1 122

Ғалымдар коронавирустан жазылған 26 науқастың қан үлгілерін зерттеген.


Қарапайым тәсіл: Ғалымдар коронавирустан қалай сақтануға болатынын анықтады

ERNUR.KZ. Ғалымдар қарапайым суық тигізген адамның коронавирустан сақтана алатынын анықтады, деп жазады kaz.nur.kz.

Царьград.тв мәліметінше, АҚШ-тың Рочестер университеті маусымдық суық тиюдің коронавсирусқа қарсы тұра алатынын анықтады.

Коронавирустан жазылған 26 науқастың қан үлгілерін зерттей отырып, ғалымдар олардың көпшілігінде SARS-CoV-2-ні анықтап, оларды бейтараптандыратын В жасушаларының жиынтығы (суықтың салдары) бар екенін байқаған.

Үлгілерді сау адамдардың қан анализімен салыстырғаннан кейін және қоздырғыштарды тауып, есте сақтайтын, сондай-ақ оларды жоюға қабілетті антиденелер шығаратын В жады жасушаларының концентрациясын салыстырғаннан кейін жасушалар көптеген коронавирустардың негізгі құрамдас бөлігі - тікен тәрізді ақуызды тани алатындығы анықталды. Яғни, бета-коронавирустардың барлығы дерлік "ескі" үлгілерден В жады жасушаларын танып, өндірілген антиденелердің көмегімен қоздырғыштардың белсенділігін басады.

Осылайша, ғалымдар В жады жасушасы пайда болған жағдайда әдеттегі маусымдық суықтан айыққан адамның коронавирустан қорғалатынын мәлімдеді.