Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыз жастар саны көп

0
3 828

Жұмыссыз жастардың үлесі Қазақстандағы барлық жұмыссыздардың 16,9%-ін құрайды.


Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыз жастар саны көп

ERNUR.KZ. 2020 жылдың төртінші тоқсанында елімізде 15 пен 28 жас аралығындағы 76,6 мың жұмыссыз адам тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 5,5% аз, деп хабарлайды Хабар24.

Оның ішінде 32,5 мың ер адам және 44,1 мың әйел адам бар. 48 мың жұмыссыз жас қалаларда, ал 28,6 мың адам ауылдық жерлерде тұрады.

Жұмыссыз жастардың үлесі Қазақстандағы барлық жұмыссыздардың 16,9%-ін құрады, ал бір жыл бұрын 18,4% болған. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады.

Өңірлер бойынша жұмыссыз жастардың көп бөлігі Алматыда тұрады: Қазақстан бойынша 18,9% немесе 14,5 мың адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ке аз. Одан кейін Алматы облысы (9,7 мың адам) және Түркістан облысы (6,7 мың адам).

Жұмыссыздар санының едәуір көбеюі Солтүстік Қазақстан (бір жылда 34,3%) және Павлодар облысында (33,9%) байқалды, әр облыста 2,1 мың адамға дейін. Ақмола облысында да жұмыссыздар саны едәуір өсті, 2,4 мың адамға дейін (жылдық өсу қарқыны 22,8%). Көрсеткіштің ең көп төмендеуі Ақтөбе облысында тіркелді: 2,1 есе.

Барлық жұмыссыз жастардың ішінде 21,1 мың адам (бір жыл бұрынғыдан 21% көп) 3 айдан 6 айға дейінгі аралықта жұмыс іздейді.