Кейбір мультфильмдер «көгілдірлікті» насихаттайды

0
2 950

Турасын айту керек, бүгінгі таңда бала тәрбиесіне көпшілігіміздің онша назар аудара бермейтіндігіміз рас. Әсіресе ұялы телефондардың дамып, оларға ғаламтор «байланғалы» бері ахуалдың мүлде мүшкіл болып кеткені шымбайға батса да шындық болып тұр. Бұрындары көк жәшікке телміріп, мультик тамашалайтын бүлдіршіндердің қолынан енді смартфондар түспейтін болды.


Кейбір мультфильмдер «көгілдірлікті» насихаттайды

фото ашық дереккөзден алынды

Турасын айту керек, бүгінгі таңда бала тәрбиесіне көпшілігіміздің онша назар аудара бермейтіндігіміз рас. Әсіресе ұялы телефондардың дамып, оларға ғаламтор «байланғалы» бері ахуалдың мүлде мүшкіл болып кеткені шымбайға батса да шындық болып тұр. Бұрындары көк жәшікке телміріп, мультик тамашалайтын бүлдіршіндердің қолынан енді смартфондар түспейтін болды.

Ата-аналардың кейбірі мұндай гаджеттерді мектеп жасындағы балаларына қатарынан кем болмасын деп сатып әперсе, кейбірі (мектеп жасына дейінгі балалар) өздерін алаңдатпауы үшін тыныш отырсын деп қолдарына өз смартфондарын ұстатып қояды. Ары қарай оның не көріп, не тамашалап жатқанында шауасы да болмайды, ең бастысы мазасын алмаса болғаны. Ал бүгінгі заманның бесіктен белі шықпаған балдырғандары ішінде мегабайты болмаса телефоныңызды керек те етпейді. Әдетте біз ғаламторда керек деректерден бөлек баланың психикасына кері әсерін беретін зиянды ақпараттардың бар екенін мүлде ескере бермейміз. Бұдан бөлек, ертелі-кеш телміріп отырғаннан кейін бүлдіршіндердің көру қабілетін бұзатынын қайтерсіз?! Біздің ұрпағымызға беріп отырған заманауи тәрбиеміздің сиқы осы.

Бүгінгі таңда біз кеңестік кезеңнің олқылықтарын қанша жерден сөз етсек те ұтымды тұстарының болғандығын да айта кетуіміз керек-ақ. Кезінде «Кино – бұл үлкен насихат құралы» деген екен қызылдардың көсемі В.И. Ленин. Осы сөздердің астарында шынайы мән бар екендігіне онша көңіл бөле бермейміз. Шынын айту керек, кеңестік кезеңде балалар фильмі, мультфильмдер адамдарды патриотизмге, бауырмалдыққа, адамгершілікке, қиналған сәтте қол ұшын беруге үндеп тұратыны даусыз еді. Ал қазіргі жағдай қандай?

Теледидар мен ұялы телефондарды зорлық-зомбылыққа, атыс-шабысқа үгіттейтін шетелдік мультфильмдер мен кинолар жаулап алған. Бала кезде адамның санасы ақ қағаз сияқты болады екен, кез келген ақпарат тез сіңеді. Қаршадайынан оларды көріп өскен қаракөздеріміз болашақта кім болады? Елестетудің өзі қорқынышты. Енді шетелден келіп жатқан мультиктердің бірнешеуіне мысал келтіре кетейік.

Мәселен, балалар сүйсініп көретін «Маша мен аюды» алайық, оның басынан аяғынан дейін Машаның сотқарлығы, аюдың көнбістігі көрсетіледі. Сонда қанша бұзықтық жасаса да Маша еш жазаланбайды. Бір қарағанда осы бір мультфильм езуге күлкі үйіретін оқиғаларға құрылғаны көрініп-ақ тұр. Алайда оларды көрген бүлдіршіндердің Машаға еліктемесіне кім кепіл? Қылығына «ел сүйсінетін» қызға ұқсап «Маша боламын» деп қолына шырпы алып үйін өртеп жіберсе ше?

«Спанч Боб квадратные штаны»-дағы губка Бобтың сотқарлығы бір басына жетіп артылады, жанынан тастамайтын досы Патрик екеуі әрдайым қол ұстасып бірге жүреді, бірге ұйықтайды. Тіпті әлдекімдерден бір-бірін қызғанады. Бір қарағанда елеусіздеу көрінгенімен, назар аударсаңыз – «көгілдірлікке» насихаттап тұрғаны анық. Жапондық «Наруто» мультигіндегі адамдардың жүзінде мейірім жоқ, жанарлары нұрсыз. Тірліктері төбелесу, қан төгу. Мұның барлығы да балаларымыздың ең сүйіп көретін мультфильмдері. Әзірге қазақи болмысты, ұлттық тәлім-тәрбиені насихаттайтын «Балапан» телеарнасы көңілге медеу болып тұр.

Сонда біз не ұттық? Осындайда М.Әуезовтың «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген сөзін қаперден шығарып алмасақ болғаны.

Дәурен Дәулетұлы,

ERNUR.KZ