Кімдердің ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар

0
795

Медициналық сақтандыру қоры 300 мың ПТР-тестілеуге 3,4 млрд теңге бөлген.


Кімдердің ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар

ERNUR.KZ. Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек.

Келесі санат - провизорлық стацион ардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі бір симптомдар болады және диагноз қою керек. Содан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен.

Аталған топты тестілеу үшін қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты.

Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларға да жасалады» делінген қор хабарламасында.


Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады. Қор жеткізушілердің алдында көрсетілген қызметтерге ақы төлеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындады.

Қызметтерді төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тариф бойынша жүргізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Медициналық сақтандыру қоры 300 мың ПТР-тестілеуге 3,4 млрд теңге бөлгендігін хабарлаған болатынбыз.