Коронавирусқа тексерілу үшін қайда хабарласу керек

0
1 551

Бүгінде күніне 6 мыңға дейін өтініш түсіп, 3 есеге артқан.


Коронавирусқа тексерілу үшін қайда хабарласу керек

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қазақстандықтар коронавирусты жұқтырғаны расталған жағдайлары туралы мәлімдемесінен кейін тұрғындар алаңдаушылық білдіруде. Осыған орай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығы орталығы тәулік бойы жұмыс істеуде.

Бұған дейін байланыс орталығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау келіп түсті. Бүгінде күніне 6 мыңға дейін өтініш түсіп, 3 есеге артты.

Осындай маңызды кезеңде ағзаңызды мүмкін болып қалатын жұқтырудан сақтану және алдын-алу үшін барлық шараларды қабылдау қажет. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайндығынан өтті.
«Байланыс орталығы қажетті алдын-алу шаралары және вирустан қорғану бойынша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар науқастың сырқаттанған кезде бару бағыты, аурудың ең басты деген белгілеріне көңіл бөлу көрсетілген. Талдауларды (анализдерді) тапсыруға кеңестерін береді. Жалпы, еліміздегі Үкімет пен уәкілетті органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралар халықтың денсаулығын қорғауға бағытталды. Ескерерлігі, дерттің жұғу қауіпі өршіп тұрған шақта кез келген тұрғын қоғамдық орындарға баруды шектеп, өз денсаулығына қауіп төндірмеудің қамын жасауға кеңес береміз», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.
Кез-келген адам вирусқа қатысты белгілерді өз ағзасынан байқаса, немесе дерттен сақтанудың жолдарына қатысты, алын-алу шаралары бойынша кеңесті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
1406 операторларына не болмаса Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына түскен сұрақ бойынша жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан соң тұрғын жеке кабинетінде оның мәртебесін тексере алады.