«Көзімнің қарасы» Чайковскийдің жеке күйсандығында ойналатын болды

0
1 977

Қазақстандық жас музыкант Рахат-Би Әбдісағын П.И.Чайковскийдің мұражай-үйінде әйгілі сазгердің жеке күйсандығында ойнайтын болады


«Көзімнің қарасы»  Чайковскийдің жеке күйсандығында ойналатын болды

фото:Stan.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстандық жас музыкант Рахат-Би Әбдісағын Мәскеу түбіндегі Клин қаласындағы П.И.Чайковскийдің мұражай-үйінде әйгілі сазгердің жеке күйсандығында ойнайтын болады, деп жазады Stan.kz.

Пианист әрі сазгер Рахат-Би Әбдісағын ел арасында «қазақтың Моцарты» атанып кеткен. Ол аталған тарихи музыкалық аспапта ойнаған алғашқы қазақстандық болмақ. Бұл жас музыкантқа ғана емес, еліміздегі классикалық музыка мектебіне деген үлкен құрмет болып табылады.

Концерттік бағдарламада музыкант жалпы ұзақтығы 20 минутты құрайтын 5 туындыны күйсандықта ойнайды. Олар – Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», Ф.Листтің «Женевские колокола», Ф.Шопеннің «Ноктюрн» до-диез минор op. Posth, П.И.Чайковскийдің «Октябрь» және «Декабрь» туындылары.