Маусымдық тұмау мен коронавирусты қалай ажыратамыз

0
996

Күз айлары түсуімен көптеген созылмалы аурулардың өршиді.


Маусымдық тұмау мен коронавирусты қалай ажыратамыз

ERNUR.KZ. Күзгі тұмау маусымы эпидемиологиялық ахуалға кері ықпалын тигізуі мүмкін. Осы инфекциялық ауруларды коронавирустан қалай ажыратуға болатынын Қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың штаттан тыс бас инфекционисті Тамара Ұтағанова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Бәрімізге белгілі күз айлары түсуімен көптеген созылмалы аурулардың өршуі болады. ЖРВИ, тұмау ауруынан жаздан кейінгі әлсіздіктен кейін ауырып қалуымыз мүмкін. Адамдардың созылмалы аурулары қозуы ықтимал. Осы уақытта адамдар инфекциялық ауруларға ұрымтал келеді. Оның ішінде коронавирустық инфекция да бар. Егер, басқа ЖРВИ ауырып ағзаны әлсірететін болсақ, КВИ толқынына да әлсіз кіреміз. Осыған байланысты қазіргі кезде Жұқпалы аурулар ауруханасының эксперттік тобымен, әріптестерімізбен үлкен масштабты жұмыс атқарылып жатыр. ЖРВИ, тұмау маусымына дайындық жүргізілеуде. КВИ қосылған жағдайда қалай әрекет етудің алгоритмі жасалған», - деді «И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК Тамара Ұтағанова.


Оның айтуынша, жұқпалы аурулардан сақтанудың бірден-бір тиімді тәсілі вакцинация болып табылады.


«Қауіп тобында тұрған адамдар 65 жастан асқан кісілер, жүкті әйелдер, жиі ауыратын балалар, жүрек, өкпе, бүйрек созылмалы ауруларымен есепте тұрған адамдар, медициналық қызметкерлер тұмауға қарсы жылда екпе алады. Тұмауға қарсы екпе жыл сайын осы уақытта жоспарланатын. Биыл КВИ болжамын ескере отырып, уақтылы өзекті басталып отыр. Екпе тұмаудан сақтай отырып, КВИ үдеуіне, қарқынды таралуына кері ықпалын тигізетіні белгілі», - деді маман.


Оның айтуынша, тұмау маусымы биыл 40 аптадан бастап келер жылдың 20 аптасына дейін жалғасады. Яғни, 1 қазан мен 31 наурызға дейінгі аралық тұмау маусымы саналады.


«Жылда қаланың инфекциялық қызметі осы уақыт аралығына дайындалады. Биылғы дайындық уақытында басталды. Әлбетте, қаладағы инфекционист мамандар КВИ мен тұмауды ажырата біледі. Тұмау мен ЖРВИ клиникалық белгілері бұрыннан белгілі. Мамандар дифференциалды диаогностика жасай алады. Тұмау белгілері - дене қызуы, мұрыннан су ағуы, тамақ қышуы, аяқ қолдың сырқырауы, жөтел. Қабақ ісіп, көз қызарады. Симптомдар жедел басталғандықтан бірден сезіледі. Осындай белгілер пайда болғанда, тұрғындарға учаскелік дәрігерге хабарласуын сұраймыз», - деді ол.