"Өздері де сезбейді": Коронавируспен ауырғаныңызды растайтын бес белгі

0
1 088

Бұл белгілер туралы COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттердің 59%-ы хабарлаған.


ERNUR.KZ. Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің ғалымдары адамдар коронавирус жайлы ресми түрде жарияланбастан бұрын онымен ауыра бастаған деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, осыған байланысты бұған дейін тіркелмеген жағдайлар да болуы мүмкін деп жазады kaz.nur.kz.

Дәрігерлер жаңа вирусты жұқтырған бірнеше мың пациентіне сауалнама жүргізіп, коронавируске тән бес негізгі белгілерді анықтады.

Ең алдымен, ғалымдар науқастарда иіс пен дәм сезу қабілетінің жоғалатынын атап кетті. Бұл белгілер туралы COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттердің 59%-ы хабарлаған.

Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары мұрынның бірқатар жасушаларында ақуыздардың барын сөз етті.

Коронавирус алдымен сол ақуыздарға соққы береді, ал содан кейін инфекция ағзаға енеді. Сондықтан тек осы белгілер байқалған адамдар коронавирустың негізгі тасымалдаушылары болып табылады екен. Олар өздерінің вирус жұқтырғанын түсінбейді, бірақ басқаларға оны тарататын көрінеді.

Ғалымдар екінші белгі ретінде іш ауруын атады.

Өйткені бұл өкпенің төменгі бөлігінде пневмонияның туындауын көрсетуі мүмкін.

Қытайдың Ухань қаласында көптеген науқастарда болған диарея коронавиурстың үшінші белгісі ретінде танылды.

Сонымен қатар, жеңіл фолликулдық конъюнктивит пен шаршаңқылық сезімі де вирус жұқтыру белгілері қатарына енді.