"Пайдаланылған масканы көшеге лақтыру - коронавирустың тез таралуына ықпал етеді" - маман пікірі

0
1 110

Вирус маскадағы 30 сағаттан астам уақыт сақталуы мүмкін.


ERNUR.KZ. Пайдаланылған маска ұзақ уақыт бойы әртүрлі ауруларды, соның ішінде коронавирусты таратуы мүмкін. Бұл туралы мамандар айтады, деп жазалы Skifnews.kz

«Коронавирус инфекциясы негізінен ауа-тамшылы жолмен жұғады. Мәселен, инфекция жұқтырған адам жөтеледі, түшкіреді, содан кейін пайдаланған қорғаныш құралын көшеге тастай салады дейік. Онда жиналған вирус қаупі белгілі бір уақытқа дейін сақталып тұрады, осылайша басқа адамға жұғуы мүмкін», - деп түсіндірді вирусолог А. Богоявленский.

Сарапшының айтуынша, маскадағы вирус 30 сағаттан астам уақыт сақталуы мүмкін. Вирусологтар халықты пайдаланылған жеке қорғану құралын (ЖҚҚ) қауіпсіз етіп жоюға шақырады. Өйткені, көшеде жатқан кез келген нәрсе қауіп туғызуы мүмкін.

«Пайдаланылған жеке қорғану құралын алдымен полиэтилен пакетке салып, қоқыс тастауға арнайы бөлінген орындарға лақтыру қажет», - деп кеңес береді мамандар.

Далада масканы лақтырған адам «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін, қала мен елдімекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» туралы ережелерді бұзады, бұл жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынады.