Сарапшы адамның телефон нөмірі арқылы ол туралы не білуге болатынын айтты

0
1 292

Сондай-ақ сарапшылар смартфон арқылы жасырын орнатылған камераны қалай табуға болатынын айтып берді.


Сарапшы адамның телефон нөмірі арқылы ол туралы не білуге болатынын айтты

ERNUR.KZ. Интернеттің көмегімен ұялы телефон нөмірі арқылы адам туралы кез келген ақпаратты білуге болады. Бұл үшін арнайы мобильдік қосымшаны немесе іздеу жүйелерінің бірін пайдалану қажет, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Бұл туралы ресейлік сарапшы Павел Мясоедов "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында айтқан.

"Сізге кім хабарласып жатқанын білу үшін Getcontact мобильдік қосымшасын пайдалануға болады, қосымшада "ақылды телефон кітапшасы" бар, онда пайдаланушылар жіберген телефон нөмірлері мен оның иесі туралы ақпарат жинақталған", - дейді сарапшы.

Ал Роман Солдатенков смартфон арқылы жасырын орнатылған камераны қалай табуға болатынын айтып берді.

"Бөлмедегі жарықты өшіру керек. Сосын телефонның видеокамерасы мен шамын қосып, бөлмені аралайсыз, төбені, қабырғаларды мұқият қарап шығу керек. Егер бөлмеде жасырын камера болса, смартфонның экранына жарығы түседі", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, егер телефонның шамы болмаса, басқасын пайдалануға болады, тек гаджеттің камерасымен бір бағытта жарық түсіру керек.