Аулаңыз ұзақ уақыт қоқыстан тазартылмаса қайда хабарласу керек?

0
1 336

Аулаңыз ұзақ уақыт қоқыстан тазартылмады ма? Ауладағы қураған ағаш тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіруде ме немесе бұтақтары электр сымдарына ілінгелі тұр ма? Бұл жөнінде толық мәліметті тиісті аудан әкімдіктерінің мына телефон нөмерлері арқылы хабарласып, білуіңізге болады:


Аулаңыз ұзақ уақыт қоқыстан тазартылмаса қайда хабарласу керек?

Фото: stroyobzor.ua

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы әлеуметтік мәселелер жайындағы сұрақтарға кім жауап береді?

Аулаңыз ұзақ уақыт қоқыстан тазартылмады ма? Ауладағы қураған ағаш тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіруде ме немесе бұтақтары электр сымдарына ілінгелі тұр ма?

Аулаңызда қашан жөндеу жұмыстарын жүргізеді? Бұл жөнінде толық мәліметті тиісті аудан әкімдіктерінің мына телефон нөмерлері арқылы хабарласып, білуіңізге болады:

Абай ауданы әкімдігі: 77-09-12, 77-07-75

Әл-Фараби ауданының әкімдігі: 54-96-54

Еңбекші ауданы әкімдігі: 43-31-98

Қаратау ауданы әкімдігі: 42-10-20, 42-10-21, 42-10-04

Сіз саябақтағы немесе көше шамдарының күндізгі уақытта жанып тұрғанын байқадыңыз ба? Немесе керісінше, көше бойындағы жарықтандыру жүйелерінің кешкі уақытта істен шыққанын көрдіңіз бе? Мүмкін, жылу жүйесінің сапасына қатысты сауал туындаған болар? Олай болса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің энергетика секторының мына байланыс телефон нөміріне қоңырау шалыңыз: 33-95-52, 33-95-75.

Егер де сіз коммуналдық қызмет көрсету сапасына қатысты шағым жасағыңыз келсе немесе керісінше, алғыс айтқыңыз келсе, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің көріктендіру секторының байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз: 33-81-10.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша сіздің үйіңіз қашан ретке келтірілетінін білгіңіз келсе, тұрғын үй инспекциясының байланыс нөміріне хабарласыңыз: 54-08-74.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігіне байланыс орталығының телефон нөміріне хабарласуға болады: 545-545.

Бұған қоса, әкімдіктің тәулік бойына жұмыс істейтін диспетчерлік қызметінің телефоны: 53-00-15.

Осы байланыс қызметінің мамандары сіздің үйдегі коммуналдық қызметтің (жарық, газ, су) не себепті тоқтатылғанын, оның қай кезде қайта қосылатынын, пәтеріңізге жылудың қай кезде берілетінінен нақты ақпар беруге әзір. Сондай-ақ, мамандардан қаланың коммуналдық қызметтерінің телефон нөмірлерін сұрап білуге болады.

Және де барлық сұрақтар бойынша өтініш-шағымыңызды қала әкімдігінің WhatsAPP нөміріне жолдай аласыз: 8-777-885-85-13

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграм желісіндегі ресми парақшасы