Тұрғын: «Кім не істеуі керек немесе қалай істеуі керек»

0
1 627


Тұрғын: «Кім не істеуі керек немесе қалай істеуі керек»

ERNUR.KZ – Әлеумет. Шымкенттік тұрғын өз ұсынысын білдірді.

Қазіргі таңда тұрғындар әлеуметтік желілерде қоғамдық мәселелерге байланысты өз ұсыныстарын ашық білдіріп жатыр. Соның бірі Facebook желісінде Ya Rus есімімен тіркелген тұрғынның мына жазбасы:

«Қоқыс туралы біраз посттар оқып тастадым. Әркімнің ойы әр қилы, келісетін де, келіспейтін де тұстары бар. Біреу әкімдікті кінәласа, біреуі тұрғындардың мәдениетсіздігін алға тартуда. Менің ойымша екі жақтанда қатерлік бар.

Әкімдік:

1. Қоқысты тазарту бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп, үй төрайымдарымен келісе отыра жаппай сенбіліктерді үйымдастыру қажет. (тазалық сақтауды үйреніп, әдетке айналдырғанға дейін)

2. Тұрғындардың жауапкершілігін арттыру шараларын қолға алу.

3. Қоқыс жәшіктерінің тазалығын, уақытылы жиналуын, санитарлық жағдайын қатаң түрде қадағалау.

Тұрғын:

1. Өзін мәдениетті ұстай отырып, аула тазалығын қатаң түрде бақылау. (Сенбілікке шығып, жауапты азамат болу)

2. Үй қоқысын қоқыс жәшігіне келіп туралап тұрып тастау, ол міндетті түрде орындалу керек!!! (оның сасық иісіне немесе тазалығына қарамастан)

3. Қасындағы көршіңе де осы нәрсені талап ету.

Алып-қосарыңыз бар болса, мархабат!».

Бұл жазбаға «Тазалықты әр адам өзінен бастау керек! Сонда әр қала таза болады.», «Көбіне адамдардың өзінен.Өзім сыртта жүргенде не ішіп жесем де,жақын маңда урна жоқ болса,сумкама салып аламын» деген секілді пікірлер айтылуда.

Сонымен қатар, желі қолданушысы осындай «Құрметтілер тақтасын орнату қажетті-ақ» деген қағытпа пікірін де қоса білдірді.