Қазақстандық заңгер жетім балалардың арқасында ақша табудың жолын айтты

0
2 811

ERNUR.KZ. Танымал заңгер Юрий Юрин ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арқылы табыс тауып отырған меммлекеттік органдар туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.


Қазақстандық заңгер жетім балалардың арқасында ақша табудың жолын айтты

ERNUR.KZ. Танымал заңгер Юрий Юрин ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арқылы табыс тауып отырған меммлекеттік органдар туралы ойымен бөлісті. Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Жетім, қармқоршысыз қалған балалардың арқасында ақша табудың бір жолы (қорғаншылық, қамқоршылық органдары ғана емес ол ақшадан одан да уәкілетті органдар үлес алып отырады):

Бала алдымен балаларға арналған мекемеге түседі (әртүрлі себеп болуы мүмкін). Балалар мекемесінің әкімшілігі де, қамқорлыққа алатын мекеме де баланың биологиялық анасына іздеу жариялап, статусын анықтауға ешбір әрекет етпейді. Тәжірибе көрсеткендей, олар биологиялық ананың қайда екенін жақсы біледі. Статусы жоқ бала асырап алынуға берілмейді, дегенмен патронаттық тәрбие немесе қамқорлыққа алынуы мүмкін. Бала балалар үйінде ұзақ жылдар тұра алады, кейбірі балалар үйінен статуссыз шығарылады. Бірақ бұл заң нормаларына қайшы. Жарайды,бала қамқорлыққа немесе патронаттық тәрбиеге алынды делік. Оны асырап алған отбасына баланың биологиялық анасы белгісіз және ол баласын іздемейді деп сендіреді. Бір, бір жарым жыл өткен соң асырап алған отбасы балаға бар жанымен бауыр басып, онымен айырылысуға келісім бермейтін кезде күтпеген жерден баланың биологиялық анасы пайда бола қалады. Тәжірибе көрсеткендей, әңгімеге тартуға мүмкін болған көкек аналар айналып келгенде бір оқиғаны баяндап береді. Айтуларынша, оларды қамқоршылық органына шақырып егер көкек-ана (асырап алған отбасына -ред.) барып, балаға аналық құқын айтпайтын болса, алимент өндіру үшін сотқа береміз, қарыз көп болғандықтан, түрмеге қамалатынын айтып қорқытады. Кейде ақша береміз деп уәде етеді (арақ сатып алу үшін).

Бионалар «күтпеген жерден» пайда болған соң «мейірім» органындағылар баланы асырап алған отбасыға «келісуге» ұсыныс тастайды: «Біз түгелдей сіз жақтамыз, бірақ био-анасы сондай оңбаған, ол өз талаптарынан бас тартуы үшін ең дұрысы оған ақша төлеу. Ол ақшаны өзі алмайтындықтан, сіздер біз арқылы беріп жіберіңіздер, біз оны шешеміз», - деп. Тек қана айтып қоймайды. Жанын салып биологиялық ананың баламен қарым-қатынасы туралы да қаулы дайындайды», - деп жазады Юрий Юрин.

Автор жазбасында өз тәжірибесінде бұл өмірден әлдеқашан өтіп кеткен жандармен де келісім жүргізілгенін мысалға келтірген.

«Біздің тәжірибеде бұл өмірден әлдеқашан қайтқан аналармен де «келісуге» ұсыныс жасалған кездер болған. Асырап алған отбасыға биологиялық ана бәрібір де сотта жеңіске жететінін, сол себептен ақшаны төлеп, өз тағдырын сынамауды айтады. Көбі ұзақ уақытқа «сауын сиырына» айналып бара жатқанын да түсінбей ақша төлейді. Тек, санаулысы ғана туындаған, дәлірегі жүйе жасаған проблеманы заңды жолмен шешуге әрекеттенеді.

Осы жерде сахнаға ювеналды сот шығады. Мәселенің мәнін білмеген адамға түсініксіз қайсарлықпен баланы биологиялық анасына беру туралы шешім шығарады! Осылайша асырап алған отбасы жүйенің бар күшін сезінеді. Миллиондаған айыппұл, қылмыстық іс пен жүйенің өз азаматтарымен жүргізетін «соғысының» өзге де кереметтерін байқайды. Тек мәселені қоғамға, елдің жоғарғы билігіне ашық айтып, жар салу ғана баланың мүддесі үшін шешім шығаруға көмектеседі. Нағыз сандырақ емес пе?!

«Баланың арқасында баюды доғар!» деп айтып қана ақша табудың осы конвейерін тоқтатын ешкім жоқ», - деп жазады автор. Айтпақшы, Юрий Юриннің айтуынша, бұл жазбаның жалғасы бар. Ендеше, заңгердің келесі мәлімдемесін күтеміз.