Жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары қандай?

0
2 293

Бұл қызметті онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады.


Жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары қандай?

Шымкенттіктерге жаңа тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиал мамандары тұрғындарға жаңа мекенжайға тез әрі оңай тіркелу жолдары туралы айтты. Бұл қызметті онлайн форматта 20 минутта рәсімдеуге болады, тіркеу үшін мемлекеттік баж алынбайды.
Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, қызметті екі жолмен алуға болады.
Бірінші - Egov.kz порталы арқылы. Ол үшін ЭЦҚ болуы қажет, немесе SMS құпиясөз арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелу керек). Егер азамат жаңа мекенжайға тіркелгісі келсе, Egov.kz порталы арқылы өтініш береді. Меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен өтініш берушінің өтінішін растайды. Өтінімді өңдеу және мақұлдау бірнеше минутты алады.
Екінші нұсқа - ол үшін меншік иесімен өтініш беруші ХҚО-ға жүгінуі қажет, және онлайн кезекті алдын ала брондау керек.
Жыл басынан бері қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 16 мың астам шымкенттік тұрақты тіркеуге тұрған.