Жаңа министр коммунистік социализмді жақтай ма әлде қытайлық капитализмді ме ?

0
2 714

​Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кешегі үкімет отырысының алғашқы нәтижесі – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ауысуы болды. Бірден айта кету керек, меніңше бұл билік басында отырған топ арасындағы күш тепе-теңдігіне қатты әсер ете қоймайды.


Жаңа министр коммунистік социализмді жақтай ма әлде қытайлық  капитализмді ме ?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кешегі үкімет отырысының алғашқы нәтижесі – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ауысуы болды. Бірден айта кету керек, меніңше, бұл билік басында отырған топ арасындағы күш тепе-теңдігіне қатты әсер ете қоймайды.

Сонда да болса «Сарайдағы саясаттан» алыс, қарапайым қазақстандықтар мұны сан-саққа жүгірте бастады.

Рас, Үкімет отырысында Елбасы біраз министрлерді «сілкіп алды». Өйткені, министрлер кабинетінің жұмысы соңғы кезде біраз босаңси бастағанын өзге емес, қарапайым халық та сезініп жүр.

Тамара Дүйсеноваға келсек, мемлекет үшін маңызды реформаның бірі - халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру әлі енгізілген жоқ.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді кейінгі қалдыруға тура келді. Басты себеп өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты осыған жұмылдыру проблемасы болды. Олар салық төлемейді, қысқасы олар көлеңкеде қалып жүр", - деген Президент "Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет. Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?", - деді Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне.

Министр (сол кездегі) Тамара Дүйсенова бұл бағытта ведомство тарапынан көп жұмыс атқарғанын айтып: "Нұрсұлтан Әбішұлы, біз көп жұмыс атқардық. Бүгінде сіздің тапсырмаңызбен барлық 18 миллион адамның статусын анықтадық. 2,7 миллион өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 1,5 миллионы қалды. Оларға қатысты мәліметтер өңірлердің әкімдеріне берілді", - деді Дүйсенова.

Осы жиыннан кейін-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін ауысқаны туралы ақпарат тарады. Тамара Дүйсенова қызметінен кетіп, орнына Мәдина Әбілқасымова тағайындалды.

Мәдина Ерасылқызының еңбек жолына тоқталмай-ақ қоялық. Тек, оның керьера сатысымен қарқынды өсуі көзге түседі. Үш перзенттің анасы, жаңа тағайындалған министр - 1999-2007 жылдар аралығында Парламент Мәжілісінің қатарынан екі шақырылымның депутаты, Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан 2005 жылы Президенттікке үміткер болған Ерасыл Әбілқасымовтың қызы.


Бұрынғы мәжілісмен бір кездері әлеуметтік капитализмнің қытайлық нұсқасын Қазақстанда жүзеге асыруға болатыны туралы айтып жүрді. Әке көрген оқ жонар...