Абайлаңыз! Көлік жүргізгенде КҮЗДЕ де ҚАУІП БАР

0
3 922

Алдымен өзіңізге, сосын көлігіңізге зиян тимесін десеңіз, мұқият оқып алыңыз.


Абайлаңыз! Көлік жүргізгенде КҮЗДЕ де ҚАУІП БАР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Күз – күн қысқарып, температура бағаны төмендеп, жауын-шашын көбейетін мезгіл. Ал, бұл фактордың барлығы жүргізушілерге қиындық тудырып, көлік басқарушы ретіндегі міндетін ауырлатады. Әрине, бұл сөзімізбен күзде көлік рөліне отыруға болмайды деп айтпавймыз. Дегенмен, жаңа жыл мезгілінде бірнеше ережелерді есінен шығармай, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген ешкімге зиян тигізбейтіні анық. Сонымен, әрбәр жүргізуші күз мезгілінде біз топтастырған ережелерге мұқият болғаны абзал.


Балаларды байқаңыз

Қыркүйек айында жаңа оқу жылы басталатындықтан жолдардағы балалар саны бірнеше есе артатынын білеміз. Сондықтан, ала жаздай бос көшемен жүріп үйреніп қалған жүргізушілер күз басталғанда мұқият болуға міндетті. Өйткені, ойын баласы жолды кесіп өту, жүгіріп шыға салу деген секілді әрекеттерге баруы әбден мүмкін. Ал, жүргізуші оларға қандай да бір зиян тигізсе, әйтеуір бір жағынан зардап шегетіні белгілі.


Жапырақ жамылған жол

Көлік тізгіндеп үйреніп қалған тәжірибелі жүргізушілер жолдағы ағаштан үзіліп түскен жапырақтардың өте қауіпті екенін біледі. Өйткені, жапырақ жамылған жолда келе жатып оқыс оқиға орын алса, тоқтау қиын болады. Тіпті, тежегіш те көмектеспей қалатын жәйттер жиі кездеседі. Сондықтан, жапырақ өп жолда баяу жүрген абзал.



Әйнектің ластануы

Күзде көлік әйнектері жауын-шашын, батпақтың салдарынан жиі ластанып, жүргізушінің жолды көруіне кері әсерін тигізеді. Егер жазда әйнекті апталап сүртпей жүре беретін болсақ, күзде оны күн сайын тазалап тұрған дұрыс. Сосын, күз мезгіліне арналған әйнек щеткасын салып қою да артық болмайды.


Жарық шамдары

Күзде күн қысқара береді. Сол себепті күн сайын қараңғы ерте түсіп, жолдың да, жол жиегіндегі жолаушылардың да көрінуі қиындай түседі. Егер, көлігіңіздің фарасы ксенон болса, бұл өте қауіпті болады. Өйткені, жарық шамының бұл түрі қарсы бағыттағылардың көзіне шағылысып, сіздің де жолды көруіңізді нашарлатады. Сондықтан, ксенонның орнына әдеттегі шамды орнатқаныңыз дұрыс.



Пеш мәселесі

Кейде ағаштан үзіліп түскен жапырақтар ауа ағынын қамтамасыз ететін пеш жүесін бітеп тастайды. Сосын, оның жұмысы әлсіреп, қолайсыздық тудырады. Сондықтан, көлік бөліктеріне тұрып қалған жапырақтарды тазартып отырыңыз.


Доңғалақтағы ауа қысымы

Температура бағаны төмендеген кезде доңғалақ ішіндегі ау қысымы да төмендейді. Егер көлік доңғалағын соңғы рет күн жылы кезде реттесеңіз, ауа райы суықтаған кезде тағы бір тексеріп қойыңыз.



Қалың киім артық болмайды

Күзде алай-дүлей ауа райы жиі орын алатындықтан, көлігіңізде қандай да бір ақау пайда болып, жолда қалып кетуіңіз мүмкін. Сосын оны жөндеу керек болады немесе көмектесетін адам күтуге тура келеді. Сондай жағдайға тап болып, суыққа тоңып қалмас үшін көліктің бір бұрышына қалың киім салып қоды ұмытпаңыз.


Аккумулятордың әлегі

Жаз мезгілінде тіпті ең нашар, ескірген аккумуляторлар да өз қызметін атқара алады. Ал, күзде энергия шығыны көбейеді. Сондықтан, аккумулятор ескірсе жаңартып, қуаты аз болса, қуаттап алыңыз.



Маусымдық шиналар

Жаңа маусым басталғанда доңғалақ шинасын ауыстыру керек екенін барлық жүргізуші білетін болар. Оны сіз де білетін болсаңыз, бұл әрекетке ерте бастан кіріскен дұрыс. Өйткені ауа райы күрт өзгергенде шина ауыстыратын сервистердің алдында ұзын-сонар кезек пайда болады әрі қызмет құны да қымбаттап кетуі ғажап емес.


Коррозия

Күздегі жауын-шашын, жол ойықтарына жиналған шалшық су мен батпақ көлік шанағын коррозияға ұшыратуы мүмкін. Ал, оны байқамасаңыз, асқынып, әжептәуір зиян келтіреді. Бұл барлық автокөлік иелеріне қатысты ескерту деп түсініңіз де, тот басудың алдын алу және уақытылы көзін жою керек екенін есіңізде ұстаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Бұл әдіс-тәсілдерді БАРЛЫҚ жүргізуші білуі тиіс


Шетелден әкелінетін көліктердің бағасы НЕГЕ ҚЫМБАТ болады?