"Антифризге" су қосса... не болады?

0
5 177

Антифризді қолдануда өзіндік қағидалары мен тәртібі бар


суреттер: ашық дереккөзден

Автокөліктің моторына құятын "антифриз" атты сұйықтық көлік жүргізетіндердің бәріне таныс. Оның не екенін, не үшін қолданылатынын жүргізушілердің бәрі білгенмен, қолданудағы қағидаларына жіті үңіліп жатпайды.

1. Алдымен антифриздің құрылымын біліп алған жөн

Бұл салқындатқыш екі негізгі компоненттен тұрады. Олар – этиленгликоль (63 пайыз) және су (35 пайыз). Қалған қоспалар - коррозияға қарсы қоспалар. Осындай құрамының арқасында антифриз 100 және одан да жоғары температурада қайнатпауға қарсы тұра алады.

Этиленгликольдің негізі - гликоль-су қоспасы. Оның қабілеті теріс температурада қатып қалмау қасиетіне байланысты. Сондай-ақ, гликоль-су қоспасы антифриздің тұтқырлығы мен оның ерекше жылуына әсер етеді. Алайда оның құрамындағы су ерітіндісі салқындату жүйесінің металл элементтеріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан құрамда металдардың коррозияға ұшырауына жол бермейтін қоспалар болуы керек.


2. Антифризге қандай су араластыруға болады?


Салқындату жүйесі салқындатқыштың қалыпты көлемінде жұмыс істеуі керек. Оның кемшілігі қозғалтқыштың қызып кетуіне әкелуі мүмкін. Бірақ антифризге су қосуға болады ма?

Сұйықтық онсыз да этиленгликоль концентратынан және судан тұрады. Бірақ қарапайым емес, дистильденген судан. Ал қарапайым су мен дистильденген судың айырмашылығы жер мен көктей.


Сонымен, жүйеде толтырылған антифриз жеткіліксіз болса, біршама мөлшерде дистилденген суды қосуға болады. Мұндай арақатынаста антифриздің қасиеттері мен мұздату нүктелері бұзылмайды.


3. Неліктен тек дистильденген су?


Қарапайым су құбырынан алынған су жарамсыз екенін айттық. Себебі онда қоспалардың көп пайызы бар, олар қызудан сақтауға арналған антифриздің қасиеттерін нашарлатады. Соның әсерінен металл элементтерінің коррозиясы пайда болып, тұздар радиатор саңылауларына тұрып қалады. Уақыт өте келе, ол арналардың бәрі жабылып, қозғалтқыштың қызып кетуіне себеп болады.

Егер су қосқаннан басқа амал жоқ болса, оны қайнатып қосуға болады. Бірақ, осындай араласудан кейін антифриз толығымен ағызылып, жаңадан құйылуы керек.

Яғни, жол үстінде антифризге су қосу қажет болса, діттеген жеріңізге жеткен соң оны толықтай ағызып тастап, жаңасын құю қажет.


4. Жазда антифризге су қосуға болады ма?


Концентратты сұйылтпас бұрын қосуға болады. Бұл қоспа кейбір автокөліктерде негізгі салқындатқыш ретінде ғана пайдаланады. Бірақ бұндай қоспаны алғашқы аязға дейін ғана қолдану керек. Егер дистильденген судың үлесі болса (немесе ол негізгі зат ретінде пайдаланылған болса), оны жаңа антифризбен біріктіріп құю қажет. Ал, қателік пен жалқаулықтың бағасы – шабан ат міну және барлық саңылауларды ауыстыруға апарып соғады.


5. Қысқы уақытта нені ұмытпау керек?

Қысқы уақытта тіпті «тышқанның көз жасындай» суды да қосуға қатаң тыйым салынады. Ал, «айта береді осылар» деп ақылгөйсіген жағдайдың нәтижесінде, қозғалтқышты -5 және одан да көп градусқа айналдыру қияметке айналады. Сондай-ақ, кеңеюге байланысты мұздаған су радиатордың, емізік пен резервуардың түбіне жетуі мүмкін. Талаптарға сәйкес, антифриздің мұздату нүктесі кем дегенде -25 градус болуы керек. Әрбір қосымша миллилитр суымен бұл көрсеткіш төмендейді.


6. Қалай қолдану керек?


Антифризді қолданатын адам, алдымен саңылаулардың қосылыстарының тығыздығын тексеруі қажет. Олар өз орнына тура және тығыз отыруға тиіс. Егер олай болмаса, антифриз микрокрактар арқылы ағып кетеді.

Сондай-ақ, резервуардағы антифриз деңгейі төмендеп кеткен болса, тек жаз мезгілінде су қосуға болады (құрамның 50 пайызынан аспауы керек!!!) . Бірақ суықтың басталуымен композицияны толығымен төгіп және толық құрамды антифризді қолдануға тура келеді.


7. Антифризді қанша уақытта ауыстыру қажет?


Антифризде де өзіне арналған алмастыру кезеңі бар. Өндірушілер сұйықтықты 3 жыл немесе 75 мың шақырым қашықтықтан кейін бір рет өзгерту керек деп есептейді. Себебі жұмыс кезінде антифриздің жылу беру деңгейі төмендейді. Егер сіз антифриздің нашарлығын жүйеге құйған кезде білмесеңіз, оның тозуын анықтау өте оңай: тозған май цистернаның ішіндегі массасы теріс температурада сұйықтыққа айналады және тұну процесі болады. Сондай-ақ, тозу түстерімен анықталуы мүмкін. Егер антифриз қызыл болса, бұл коррозия процесі басталғанын білдіреді.

Өндірушілер антифризді әртүрлі реңкте - қызыл, көк, жасыл етіп жасағанмен, жоғарыда аталған белгілердің кез келгені пайда болса, антифризді дереу ауыстыру керек.


Сондай-ақ, сатып алған жаңа сұйықтық сумен ешқандай жағдайда «тізе қоспайды». Бұны алданбау үшін есте сақтаңыз.


8. Антифриздің түрлері туралы


Жасыл және қызыл антифриз қазіргі уақытта өте танымал. Олардың бағасы шамамен бірдей. Бірақ айырмашылықтар бар. Жасыл құрамында бірнеше құрамдас бөліктер бар:

•Органикалық заттар

•Бейорганикалық

•Химиялық қоспалар. Олар борат, фосфаттар және карбон қышқылы.

Сонымен қатар, жасыл антифриздің құрамындағы қоспалардың коррозияға төзімділігі жоғары. Металл үшін зиянды процестерге жол бермейтін, қорғаныш қабатының ішіндегі «қоршау» сияқты көрінеді.


Бірақ бұл антифриздің «минусы» – сұйықтықтың жылуын азайтады. Бұл қозғалтқыш үшін зиян емес. Жасыл антифриз құйылған қозғалтқышта барлық «ағайындар бас қоса» жұмыс жасаса, қайнауы өте қиын болады.


Қызыл антифризге келсек, олардың құрамында бейорганикалық компоненттер қолданылмаған. Сондай-ақ, карбон қышқылы құрамның үлкен пайызына ие. Ол жүйенің ішіндегі ең жақсы жылу алмасуды қамтамасыз етеді.


Сонымен қатар, олардың пайдалану мерзімі де ұзақ болып келеді. Қызыл антифриздің сапасы 5 жылға дейін сыр бермейді. Егер мыс немесе жезден жасалған радиатор болса, онда қызыл антифриз қолданушы үшін керемет таңдау болып табылады. Сондай-ақ ол 5 литрлік канистрлерде сатылады. Ең танымал өндірушілердің бірі – "Феликс". Драйверлердің пікірлерінше, төменгі мұздату температурасы - минус 35 градус Цельсийге дейін.


9. Антифриздің әртүрлі маркаларын араластыру мүмкін бе?


Мұны «ұйықтап жатқанда түсте де көрмеу» керек. Себебі, өндірушілер әртүрлі пропорцияларда өз өнімдерін араластырады. Сондықтан араласқан жағдайда, қандай да бір бренд қалай әрекет ететінін болжау қиын. Сұйықтық көбіктеніп, ыдысты қысу арқылы бұзып-жарып шығуы мүмкін. Сондай-ақ, антифриздің құрамында метанол болғандықтан, қайнау температурасы 65 градус Цельсий болып табылады.


Қорытындыласақ, антифризге су қосуға болады! Бірақ ескертулерді ұмыту «бармақ тістеп қалуға» әкеліп тірейтінін ұмытпаған жөн!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ