Автокөлік шиналарын осылай сақтап, тағы бір маусым қолдануға болады

0
3 481

Осы мақаладағы қарапайым нұсқауларды орындасаңыз, «покрышкалар» Сізге тағы бір маусым қызмет етеді.


Автокөлік шиналарын осылай сақтап, тағы бір маусым қолдануға болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


1. Әрбір шинаға белгі салыңыз

Көлік дөңгелегінен шиналарды алатын кезде (мысалы, қыста жаздықты, көктемде қыстықты ауыстырғанда), әрқайсысына белгі салыңыз. Сонда, Сіз келесі маусымда олардың орындарын оңай табасыз және орны аусып кетіп, мерзімінен бұрын тозу деген мәселе болмайды.


Шиналарды маркермен, бормен белгілеуге болады немесе олардың қай дөңгелекте тұрғанын көрсете отырып, стикерлер жабыстырыңыз. Мысалы, «Ал.С» — алдыңғы сол жақ, «Ар.О» — артқы оң жақ және т.б. Егер, сақтау үшін арнайы жасалған қапшықтарды пайдалансаңыз, ең бастысы – шатастырып алмау. Өйткені, оларда арнайы белгілер болады.



2. Шиналарды жақсылап тазалаңыз


Шиналарды дискіде немесе қапшықта сақтауға болады, бірақ алдын ала оларды ретке келтіру қажет. Яғни, бұл кезде жай ғана шаң мен кірін кетірумен шектелмей, қатып қалған тастардан немесе басқа да заттардан толықтай тазалаған дұрыс.

Қатты щетканы алып, барлық шаңды, тас қалдықтарын және басқа да протектор жырасының ішінде жиналған кірлерді тазалаңыз.

Шиналардың бетіндегі терең ойықтар мен жарықтардың ішіне қарап шығыңыз.

Сумен жуғаннан кейін барлық ылғал толығымен булану үшін шиналарды кептіріңіз. Олай істемеген жағдайда жамылғыда зең, ал жиектерінде — коррозия пайда болуы мүмкін.

Себебі, тұрып қалған заттар протекторды зақымдайды және шинаның тозуын жылдамдатады.



3. Шиналарды қапшықтарға салыңыз

Шиналар күн сәулесінен және жоғары ылғалдылықтан резеңкелік қасиеттерін сақтау үшін қорғалуы қажет. Қапшықтар ретінде арнайы автодүкенде сатылатын немесе кәдімгі полиэтилен пакеттері ұсынылады.


Сонымен қатар, шиналарды сақтауда ауа айналымы да маңызды, себебі ауа алмасып тұрмаса, зақым келтіретін конденсант пайда болады. Сондықтан, арнайы қапшықтарды, тоқыма қаптарды қолданған жөн немесе табиғи желдетумен қамтамасыз ету үшін полиэтилен пакеттерге шағын саңылаулар қалдырсаңыз болады.



4. Орынды дұрыс таңдаңыз

Әртүрлі қапшықтармен оралған шиналарды -30-дан +35 °С-қа дейінгі температурада және ылғалдылығы 50-60% үй-жайларда сақтау керек. Сондай-ақ, жылыту құралдарынан, жанар-жағар май материалдарынан және озон шығаратын құрылғылардан алыс болғаны дұрыс. Ал, тұрмыстық жағдайда шиналардың басты жауы – ультракүлгін сәуле. Себебі, күн сәулесі оларды кептіріп жібереді, бұл оның созылмалы қасиетін төмендетеді және жарылуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, жоғары ылғалдылық та қауіпті, бірақ тұрмыстық жағдайда сирек кездеседі.


Ең жақсы нұсқа – гараж және ауа айналымы жақсы болған жағдайда жертөле де қолайлы орын. Ал, көпқабатты үйде тұратындар балкондағы күн түспейтін жерге сақтаса болады.


5. Шиналарды дұрыс жағдайда орналастырыңыз

"Покрышкаларды" сақтау барысында орнынан басқа, олардың орналасуы да үлкен рөл атқарады. Дискілердегі немесе дискісіз шиналарды дұрыс орналастырудың бірнеше нұсқасы бар:


Дискідегі шиналар


Дискіден алыңбаған шиналарды тегіс жерге жатқызып, бір-біріне беттестіріп қойыңыз және ілгекпен іліп қоюға да болады. Сондай-ақ, екі жағдайда да ішіндегі ауа қысымын жартылай азайтып, шиналарды босатып қойған дұрыс. Тігінен тұрғызып қоюға болмайды.


Дискісіз шиналар


Егер Сізде қосымша дискілер жиынтығы жоқ болса, шиналарды бір қатарға түзу орналастырып, тігінен қойыңыз және олардың табанын ауыстыру мақсатында айына бір рет айналдырып отырыңыз. Сонымен қатар, іліп немесе жатқызып қоюға болмайды.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Тәжірибелі жүргүзушілер қандай «домкратты» сатып алады


Қолдан көлік сатып алу кезінде нені ескеру керек? (КЕҢЕСТЕР)