Бұл әдіс-тәсілдерді БАРЛЫҚ жүргізуші білуі тиіс

0
4 118

Кез келген көлік иесіне өте пайдалы болады.


Бұл әдіс-тәсілдерді БАРЛЫҚ жүргізуші білуі тиіс

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автомобильдердің пайда болғанына 130 жылдан асты. Осы уақыт ішінде жүргізушілер көптеген керемет әдіс-тәсілдері ойлап тапқан. Сондықтан бүгін жүргізушілерге көлік басқаруды жағымды және жайлы ету үшін пайдалы кеңестерді жинақтадық.


Салонда орын аз ба?

Кейде жолаушылар киім ілетін жер таппай әлек болады. Ал, жүксалғышқа салса, кір болып қалуы мүмкін. Онымен қоса, заттарды өздері де жол бойы ұстап отырғысы келмейді. Мұндай жағдайда не істеу керек? Бірінші – орындықтың артындағы қалташаға салуға болады. Оған сыймайтын болса, автодүкеннен түрлі заттар салып қоюға арналған арнайы құралды сатып алуға болады. Сонда ғана көлік салонында емін-еркін отыра аласыз.


Әйнек жууға арналған сұйықтықтың ыдысы қатып қалса

Мұндай жайсыз жағдай кез келген жүргізушінің басына түскен шығар. Егер, тағы да осы келесіздікке тап болсаңыз, мұзды ерітетін сұйықтықтарды қолдануға болады. Бірақ, бұл әдіс жылдам нәтиже бере қоймайды. Сондықтан көлік жуу орталығына барып, ыдысқа 10-15 минут жылы су шашып тұрып еріту әдісін байқап көруге де болады.


Тәжірибесіз жүргізушілер үшін

Көлік тізгінін енді ұстаған жүргізушілер бастапқыда тұраққа қою, маневр жасау кезінде қиналыңқырап қалады. Сондықтан, көлікті зақымдап алмас үшін кең аулада пластикалық ыдыстарды сызық бойына орналастырып, көлікті тұраққа қойғандай айдап үйрену керек. Сол арқылы біраз тәжірибе жинауға болады. Сосын, дәл осын жағдайда айнаға қарап басқаруды үйрену қажет. Әйтпесе, бір жерде соғысып қалуыңыз ғажап емес.


Әйнек сүрткіш щеткалар қатып қалса

Мұндай жағдайда щеткаларды іске қосып немесе мұзын қолмен тазалап әуре болмаңыз. Әрине, сізде әйнек жууға арналған сұйықтық немесе антисептик болса. Өйткені, олар қатқан мұзды лезде ерітіп жібере алады.



Баланың қамын жасап қойыңыз

Көлік жүргізу кезінде балаларға көңіл бөлу немесе олардың қандай да бір оқыс қимыл жасауы қауіпті болады. Сондықтан ұзақ сапарға шығар болсаңыз баланың іші пыспас үшін орындықтың артына планшет орнатып, мультфилм қосып қоюға болады. Ол үшін көлікке арналған гаджет сатып алудың да қажеті жоқ. Желім қағазбен жабыстырып қойсаңыз болады.


Гаражда зат көп болса

Кей гараждардың ішінде қажетсіз заттар толып тұрады да, кіріп-шығуға кедергі болады. Оған қоса, бығып жатқан темір-терсек көлікке зақым келтіруі де мүмкін.

Сондықтан, көлік гаражға кірген кезде зақым тимейтіндей жерді анықтап, төбеге теннистің добы сияқты жұмсақ шар іліп қою қажет. Демек, ол көліктің алдыңғы әйнегіне тиген кезде тоқтасаңыз, ешқандай зақым тимейді. Ал, есіктері қабырғаға сырылмас үшін есіктің ең бірінші тиесін тұсына резеңке қағып қоюға болады.



Терезе булана бере ме?

Егер бұл жағдайға техникалық себептер әсер етсе, көлік жөндеу мамандарына барған дұрыс. Ал, техникалық ақау болмаса, булануды өзіңізден көруге тура келеді. Сол үшін көлік еденіндегі кілемшелерді және оның астындағы төсенішті кептіріп, көлікке отырар кезде аяқкиімді қар немесе судан тазалап жүріңіз. Оған да болмаса, қатты буланған кезде әйнекті шамалы ашып қоюға болады.


Есіктердің тығыздағышы қатып қалса

Қыста көптеген көліктердің есігінде болатын резеңкелер қатып қалып, есіктің ашылуына кедергі келтіріп жатады. Оны болдырмау үшін резеңкені силиконмен майлап немесе құрғатып қою қажет. Бұл мәселеден сонда ғана құтыласыз.



Көлік қар немесе мұзда тұрып қалған жағдайда

Кейде шинасы тоза бастаған көліктер қар немесе мұз құрсауында қалып қояды. Ал, ондай сәтте сізге көмектесетін ешкім болмай қалса не істейсіз? Біріншіден қыста көлікке арналған күрек салып жүрген артық болмайды. Соның арқасында қар мен мұзды ашып, алға жылжи аласыз.

Сондай-ақ, бұл жағдайда құмды да қолдануға болады. Яғни, көліктің жетекші доңғалағының астына құм құйып, соның көмегімен жылжуға болады. Демек, қыста көлікке азын-аулақ құм салып жүрген де пайдалы.


Бұл әдіс-тәсілдерді біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан тәжірибелі жүргізушілердің кеңестеріне құлақ аса жүріңіз. Олар сіздің ғана емес, сіздің көлігіңізге мінетін жолаушыларға да пайдалы болары сөзсіз. Өйткені, жолда барлығы болуы мүмкін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Tesla-ны құрған ИЛОН МАСК ЕМЕС. Bentley жасауға 18 сиырдың терісі керек


Көліктің орындығын жылытатын жабдық ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА шалдықтырады