Көлік алуға ақшаны қалай жинау керек?

0
6 819

Кез келген адам көлік алуды мақсат етеді. Ал, көлік алатын ақшаны қалай жинау керек? Бұлар менің өз кеңесім.


Көлік алуға ақшаны қалай жинау керек?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Қазіргі заманда шетелдік автокөлік міну деген «қалталы адам» немесе «кредиті бар адам» деген ұғыммен бір дәрежеде жүретіні белгілі. Бірақ қандай болмасын көлік ол біріншіден — шығын, екіншіден – шығын және шығын екені белгілі. Әсіресе ол шетелдік «тұлпар» болса. Сатып алу, жанармай, жөндеу – бәрі удай қымбат. Негізі бұл дабыра қылатындай дүние емес. Себебі қазіргі уақытта орташа жалақы алатын кез келген адам өзіне көлік сатып ала алады.


Сонымен, «Көлікке апарар жол»:

1. Алдымен сізге көлік не үшін керек? Егер сіздің отбасыңызда адам көп болса, апта сайын демалыс орнына барып тұратын болсаңыз, саяхатқа шығу жоспарыңызда болса онда әңгіме басқаша. Бұл жағдайда ең жақсы шешім — жол талғамайтын көлік сатып алу. Ол бүгінгі таңда қымбат тұрады, бірақ несиеге алуыңызға болады немесе пайдаланылған көлікті арзанға сатып ала аласыз. Сондай-ақ, қалада көлемі шағын автокөлікпен жүруге де болады. Шағын автокөліктерді көптеген фирмалар шығарады және олар қатты қымбат болмайды. Өзіңізге қажетті көлікті таңдағаннан кейін сіз оны сатып алу жолын да таңдай аласыз.


2. Көбіміз үшін 1,5 миллион теңге өте көп ақша. Сондықтан көлікті несиеге алу тиімді саналады. Әрине несие ұғымы артығымен қайтару ұғымымен қатар жүреді. Бірақ жыл бойы ақшаны жинаған тиімді емес. Себебі оның көп бөлігі инфляция есебінен құнын жоғалтады. Тиімді жолы осы, несиеге көлік сатып алып 5-7 жыл шамасында үстеме пайыздарын төлеп көлікті иелену. Ал одан кейін, көлікке алынған несиені төлеуді жеңілдету үшін жұмыс орнында жалақыңызды көтеру керек немесе шығындар есебін азайтуыңыз керек.

3. Жоғарыда айтқандай, несиеге көлік сатып алу — өте оңай жұмыс. Автосалонға келіп, көлігіңізді таңдап, қосымша мүмкіндіктерін қосып алуыңыз керек. Автосалонның несиелік бөлімінің қызметкерлері сізге ыңғайлы несие алу жолын тауып береді және алғашқы төлем, кепілдеме мен ай сайынғы төлем сомасын есептеп береді. Осыдан кейін сіз барлық құжаттарды жинақтап (жеке куәлік, жұмыс орнынан мәліметтер, зейнетақы қорынан ақпараттар), банктің шешімін күтуіңіз керек. Банк сізге келісім берсе, өзіңізге ыңғайлы несие алу жолын таңдай аласыз. Алғашқы төлемді жасағаннан кейін автокөлікті алып кетуіңізге болады.


4. Сондай-ақ, кейбір адамдар пайдаланылған автокөлікті сатып алуды жөн көреді. Бұл жерде тәуекел жасайтын жеріңіз бар — сатушы сізге жөндеуді көп қажет ететін бұзық автокөлікті сатуы әбден мүмкін. Алайда егер сіз автокөлікке және оның иесіне толықтай сенсеңіз бұл да бір автокөлік сатып алудың ыңғайлы жолы. Алайда, пайдаланылған автокөлік әрдайым арзан бағада бола бермейді. Бірақ, «миллион жинағаннан, жарты миллион жинап пайдаланылған көлік сатып алған әлдеқайда тиімді емес пе?!», - деген ой да келеді.


5. Сәйкесінше, мақсатыңыз айқын болса (мысалы, Toyota Land Cruiser 200 сатып алу), оған қажетті сома да белгілі болса, көлікке қаражат табу да жеңіл болады. Жалпы айқындалған мақсат үшін қаражат жинау, белгісіз дүниеге қаражат жинағанға қарағанда өте жеңіл болып келеді. Себебі айқындалған мақсат (мысалы, Toyota Land Cruiser 200 сатып алу) — сізді алға қарай ұмтылдыратын күш болады. Алдымен, көлікті бірнеше жыл ішінде сатып алу үшін ай сайын қанша теңгеден жинап отыру керектігін есептеп алыңыз. Бірақ, ай сайынғы сома аз болмайтыны белгілі. Ал ай сайын мұндай соманы жинап отыру үшін келесідей тәсілдерді қарастырдық:

1. Шығын күнделігін дайындау, талдау жүргізу, қажет емес дүниелерге шығынданбау (мысалы, кафеде тамақтанбай, үйден ас ішуге әдеттенуге тырысыңыз. Автокөлікке ие болған соң мұндай үнемдеуге лайықты екендігініе көзіңіз жетеді.)

2. Қосымша жұмыс көздерін іздеу. Көбіміз 5 күн ішінде сағат таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс жасаймыз. Сондықтан, қалған уақытыңызды көлік алу мақсатында жұмсауыңызға болады. Мысалы, жұмысыңыздан қосымша жобалар алып, үстеме жалақы үшін дайындауыңызға болады. Немесе аударма жасаумен, бағдарлама дайындаумен т.б. ақша табу жолдарымен айналысуыңызға болады.

3. Жұмысты артығымен орындап, тың идеялар ұсыну арқылы жұмыс орнынан лауазымыңызға орай жалақы көтеруді сұрауыңызға болады. Қосылған соманы жоққа санап, оны көлік алуға деген жасырын қалтаңызға жөнелтіп отырасыз.

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылған барлық қарапайым тәсілдерді қолдану нәтижелі болары сөзсіз. Көлікті бір күн ішінде сатып алмасаңыз да, еңбектенгеніңіздің арқасында көлік алуға жақсы қаражат жинай аласыз деп үміттенемін.

Нақсы мақсат пен жоспар нәижесінде белгілі бір уақыт аралығында втокөлікке ақша жинаудың ең жақсы тәсілі - ай сайын еңбекақыңыздың 30% көлік үшін жинап отыру. Осы әдіс арқылы сіз көлікке керек соманы тезірек жинайсыз.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ