Көлікті қыс мезгіліне артық шығын шығармай-ақ дайындауға болады

0
3 813

Ең бірінші ұсыныс – дайындықты алдын-ала бастаңыз. Себебі, жөндеу орнында кезек күтіп тұру немесе қысқы маусым басталғаннан кейін іске кірісу жүйке жүйеңіз бен «қалтаңызға» салмақ түсіруі әбден мүмкін!!!


Көлікті қыс мезгіліне артық шығын шығармай-ақ дайындауға болады

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Қыс – жүргізушілер үшін қиын уақыт, өйткені бұл мезгілде барлығына үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әрине, жүргізушілердің тәжірибиелісі де, жаңадан үйренгені де бар. Сол себепті, бірінші топтағыларға қарағанда екінші топтағы адамдарға бұл кеңестер аса қажет. Тіпті, бұл мақаладағы дүниелердің кейбірін «тіс қаққан» жүргізушілер де білмеуі мүмкін.


Кузовты дайындау

Сіз жүретін көшелерге қыста себілетін химиялық заттар мен тұз көлік «терісін» қорғауға мәжбүрлейді. Қорғау үшін:

• кузовқа жағатын немесе себетін химиялық зиянсыз қоспаларды;

• тотығуға қарсы қолданылатын құралдарды пайдалану керек.


Әйнекті дайындау

Көлік әйнегіндегі кез келген сынық үлкен жарыққа айналуы мүмкін. Сол себепті:

• егер әйнекте сынықтар немесе жарықтар бар болса, бұл мәселені үсік түскенге дейін дұрыстау керек;

• әйнекті сүрткенде суға спирт араластыру - ақымақтық, тек арнайы қоспалармен жуу керек;

• кез келген арнайы жуу құралдары әйнекте су, тұз және балшықтың тұрып қалуына мүмкіндік бермейді.


Дизельмен жүретін көлікті қалай дайындау керек?

Қысқа арналған дизель отынын немесе арнайы қоспаларды дер кезінде құю кейде мүмкін болмай қалады. Ал дизель құйылатын көлік қыста нашар жүреді немесе оталдыру кілтін бұрағанда мүлдем іске қосылмайды. Себебі, соляркада теріс температурада қататын мұнай парафиндерінің көп мөлшері бар. Қату нәтижесінде отын сүзгісінен жанармай аз мөлшерде өтеді, тиісінше, қозғалтқыш мұндай жағдайда толық күшпен жұмыс істей алмайды. Сондықтан:

• жанармай сүзгісін жылытып отыру керек;

• қысқы жанармай құю керек.


Отын жүйесін дайындау:

• барлық жанармай жүретін жолдарды және сорғыны кірден тазарту;

• бакқа ылғалға қарсы қоспа құйыңыз, бұл – жүйеге су мен түрлі қоқыстың түсуін болдырмайды.


«Су шашатын» бөшке

Егер әйнекке шашылатын суды сақтайтын бөшкеге кәдімгі су құятын болсаңыз, оны төгіп, арнайы қоспалары бар сұйықтық құйыңыз. Себебі бұл бөшкенің құбырлары қысқа, ал жәй су қыста қатып қалады.

Арнайы сұйықтық құйсаңыз:

• біріншіден, өкінбейсіз;

• екіншіден, су шашқан кезде арнайы сұйықтықтар балшық пен тұздарға қарсы қабатын әйнекте қалдырады.


Аккумулятор

Суық – бұл аккумуляторға ауыр жүк болып тиеді, сондықтан оның жағдайына, өзін-өзі қуаттап тұруы үшін тазалығына ерекше назар аудару керек. Егер өзіңіз білмесеңіз арнайы сервиске апарып:

• клеммаларды тотығудан сақтайтын арнайы маймен майлату керек;

• аккумуляторды жылына екі рет, қыста және қыстан кейін толық тексерістен өткізу керек.


Тығыздағыштар

Есіктердің және жүк салғыштың тығыздағыштарын арнайы спрейлермен міндетті түрде майлаңыз, әйтпесе есіктер оларға жабысып қала беретін болады. Үй жағдайында балауызды пайдалануға болады.


Қысқы шиналарды салу

Есіңізде болсын, қысқы ауа райының өзіндік қауіптері өте көп және оларды елемеуге болмайды. Ал қысқы шиналардың түрлері қар немесе мұз қатқан жолда жүру үшін анағұрлым бейімделген. Сондай-ақ, қысқы резеңке қатты аязда бірқалыпты болып қалатын икемділігімен ерекшеленеді. Қысқы шиналарды екі оське орнату қажет және олар бірдей болуы тиіс. Егер автокөлік қаладағы тазаланған жолда жүрсе, онда кәдімгі үлгісімен жүруге болады. Қар немесе мұзда арнайы шиптерсіз жүрмеңіз.


Төмендегі кеңестер де Сіз үшін қажетті:

мотордың жылытқыштарын пайдалансаңыз, мотордың жұмыс күші ұлғаяды;

тек сапалы жанармай құйыңыз;

қозғалтқышты іске қосқаннан кейін қозғалысты төменгі режимде бастау керек, бұл мотор мен салонның тез жылуына мүмкіндік береді;

жыл сайын майды ауыстырып отрыңыз, сонда майдың алмасу оңай болады.

Қысқа дайындықты бүгін бастаңыз, бәрі жақсы болады!

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ