Көліктің ДӨҢГЕЛЕГІ "ТЕҢ" болмаса, ҚАУІПТІ

0
2 643

Доңғалақтарды теңгеру – әрбір диск, шина немесе кез келген жүріс бөлігін ауыстырғанда орындалуы қажет жұмыс.


Көліктің ДӨҢГЕЛЕГІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта «балансировка» жасайтын шеберханаларды тауып алу өте оңай. Сондықтан, шығынына қиналмай, доңғалақтарды теңгеріп жүрген дұрыс. Ол сіздің қауіпсіздігңіз үшін өте маңызды.

Адамдарға қауіп төндіреді

Шиномонтаждағы дөңгелектерді теңгеру жұмысы барлық салмақтың оське дұрыс түсуі үшін жүргізіледі. Ал, салмақ дұрыс бөлінсе, доңғалақтар ауытқымайды және рөл бір жаққа қарай тартып кетпейді.

Сонымен қатар, салмақтың дұрыс бөлінбеуі осьтің қызметін нашарлатып, көлікте діріл пайда болады. Біреулер бұл дірілдің зияны жоқ деп ойлауы мүмкін, бірақ шын мәнінде мүлдем басқаша. Діріл көліктің көптеген жүйелерінің жұмысына теріс әсер етеді де, ішіндегі адамдарға қауіп төндіреді.



Теңгеру дұрыс орындалмаса...

Теңгеру жұмысын жүргізушілердің оң пікіріне ие болған, қызметі сапалы шеберлерге орындату керек. Әйтпесе, сапасыз атқарылған жұмыстың салдарынан мынандай жағымсыз жағдайларға тап болуыңыз әбден мүмкін:


1. Көлікте діріл пайда болған кезде жол мен дөңгелек арасындағы ілініс нашарлап, басқару қиындайды. Оған қоса, оқыс жағдайда тежегішті бассаңыз, тоқтау қиынға соғады.


2. Салмақтың дөңгелектерге тең бөлінбеуінен шиналардың «протекторы» әлдеқайда жылдам тозады және жиі-жиі ауыстыруға тура келеді.


3. Жүргізушілердің тілімен айтсақ, «балансировка» дұрыс жасалмаса, «подвеска» тез жарамсыз болып, шығынға ұшыратады. Әсіресе, сатылы «подшипниктерге» кері әсер етеді. Ал, бұл жабдықтар істен шықса, дөңгелек жүріске жарамай қалуы әбден мүмкін. Яғни, жол апатынан аулақ болғыңыз келсе, дөңгелектердің де жағдайын бақылап тұрыңыз.


4. Жоғарыда айтқандай, теңгерудің дұрыс жүргізілмеуі рөлге әсер етеді. Ал, рөлдің бір жаққа қарай бұрылып кете беруі жағымсыз жағдай. Себебі, жүргізушілер бұл ақаудан тез шаршайды және эмоцияға беріліп кетеді. Соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы да мүмкін...

Барлығы өзіңіз үшін!


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЕҢ КӨП САТЫЛАТЫН көлік өндіруші елдер

Қыста көлік жууға БОЛМАЙДЫ