Қыс мезгілінде ең пайдалы және қажетті 10 автокөлік құралы

0
4 961

Қыста көлік жүргізетіндерге пайдасы көп ең қарапайым заттарға мән бермей жүрген боларсыз?!


Қыс мезгілінде ең пайдалы және қажетті 10 автокөлік құралы

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Қыс – көлік жүргізетіндер үшін ауыр кезең. Дегенмен, бұл қиын уақыттағы көптеген маусымдық мәселелерді жеңуге көмектесетін әр түрлі құралдар да бар.


1. Қозғалтқышты қашықтан іске қосу жүйесі

Қыста машинаны қыздыру өте маңызды. Ал бұл әрекетті үйде отырып жасауға смартфонға орнатылатын Viper SmartStart System VSS4000 жүйесі көмектесе алады. Бұл жүйе – қосымша ретінде жасалған. Бірақ, тек қана iPhone немесе iPod маркалы құрылғыларында жұмыс істей алады. Аталған қосымша өте оңай әрекет етеді және қозғалтқышты үлкен қашықтықтан іске қосуға мүмкіндік береді.


2. Әйнекті жылытып, тазалайтын сымсыз құрылғы

Сымсыз жылытылатын шыны тазартқыш – өте ыңғайлы, әрі пайдалы нәрсе. Егер мұндай құрылғы бар болса, әйнек сүрткіштердің мұздан арылып, дұрыс жұмыс істегенін күту қажет болмайды. Сондай-ақ, бұл құрылғы толық қуатталған кезде 20 минут бойы жұмыс істей алады. Ал оны тоқ көзінен немесе генеретордан қуаттауға болады.


3. Қатып қалған құлыптарды ерітуге арналған құрал

Қыста құлыптың қатуы ең маңызды мәселе болып есептеледі. Ал бұл мәселені, әрине, осындай құрылғының кез-келген түрімен жеңе аласыз. Тек құлып ұңғымасына жылытатын құрылғыны салып және оны 1-2 минут бойы ұстап тұрсаңыз болды.


4. Автокөрпе

Соңғы жылдары нарықта пайда болған өте бір пайдалы нәрсе – «көлік көрпесі». Өндірушілер: «қозғалтқышты осындай «көрпемен» жапса, онда қозғалтқышты мұздаудан сақтайды», - деседі. Ал, бұның қаншалықты шындық екенін қолданып жүрген жүргізушілерден сұраған дұрыс.

Айта кету керек, соңғы жылдардың тарихында мұндай «көрпелердің» салдарынан автомобильдердің жануының көп жағдайлары тіркелген екен.


5. Отырғыштарға арналған жылытқышы бар жамылғы

Қыстың суық күнінде көлік туралы ғана емес, оның жүргізушісі туралы, яғни өзіңіз туралы да ойлану керек. Ол үшін орындықты жылытуға арналған жапқыш сияқты құралдар сатып алу керек. Бұл жапқыш өте ыңғайлы, бірақ оны шектеулі пайдалану керек – юір рет жылыту үшін 10 минуттан артық қосу зиян.


6. Аккумуляторға «жан бітіруші»

Қуаты біткен аккумулятор – кез келген жүргізуші үшін қорқынышты түспен тең. Ал, мұндай қиын жағдайларда достардың, өзге жүргізушілердің немесе аккумулторға арналған «жанбітірушінің» көмегіне сүйенуге болады. Мұндай құрылғылардың бірі – Self Charge Auto Jumper. Оның көмегімен тек көліктің ғана емес, сонымен қатар ұялы телефондардың да қуатын қалпына келтіруге болады.


7. Түрлі аспаптарға арналған әмбебап қуаттағыш

Бұл әмбебап қуаттау құрылғысы барлық мезгілде пайдалы. Ол не үшін қажет дейсіз бе? Құрылғы өте қарапайым болғанмен, пайдасы көп – ол бірнеше құралдарды бір мезгілде, бір тоқ көзінен қуаттауға мүмкіндік береді.


8. Автокөлікке арналған қысқатолқынды пеш

Қыс мезгіліндегі пайдалы сатып алу – көлікке арналған шағын қысқатолқынды пеш болуы мүмкін. Мұндай құрылғылардың өлшемдері әдетте 23х16х20 сантиметрден аспайды. Мұндай құрылғы не үшін қажет деп ойлайтын шығарсыз... Қыстағы суық ауа райында ыстық тамақ ішу өте маңызды! Ең бастысы – техника қауіпсіздігін сақтау!


9. Көлікке арналған шыныаяқ және шәйнек

Қыс мезгілінде жүргізушілерге көлік ішінде қайнайтын шыныаяқ немесе шәйнек сатып алу пайдасын тигізбесе, зияны жоқ. Жолда ыстық шәй немесе кофе ішіп алу, әсіресе мемлекеттік қызметкерлер немесе көлікпен жұмыс жасайтын адамдар үшін өте пайдалы, әрі ыңғайлы болары сөзсіз.


10. Trac-Grabber

Қыста Trac-Grabber сияқты құрылғы да өте пайдалы болады. Бұл құралдың негізгі міндеті – қарға дөңгелектері «отырып» қалған көліктерге көмек көрсету. Айта кетейік, мұндай құралдар әрбір жетекші дөңгелектерге киіледі. Сондай-ақ, құрал тек қардан ғана емес, батпақтан немесе құмнан шығуға да көмектесе алады.


Міне, осындай қарапайым құралдар Сіздің көлігіңіздің және денсаулығыңыздың қыста сыр бермеуіне көмек көрсете алады!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ