​МОТОР МАЙЫ туралы көп айтылатын 7 ҚАТЕ пікір

0
3 602

Оларға көзсіз сеніп, көлігіңізге зиян келтіріп алмаңыз.


​МОТОР МАЙЫ туралы көп айтылатын 7 ҚАТЕ пікір

Көлік моторының майын уақытылы ауыстырып тұру қажет. Мұны темір тұлпар тізгіндеген кез келген жан біледі. Алайда адамдар арасында мотор майына қатысты білместіктер, қате пікірлер де көп. Сіз олардың қатарынан емессіз бе?


«Ең жақсы май – алтын түстес май»

«Сапалы май алтын түстес болуы керек» деген талап – негізсіз. Мотор майының түсі құрамындағы қоспа түрлеріне қарай өзгере береді. Ал негізінен, еш қоспасыз таза май көбіне түссіз, мөлдір болып келеді.


«Қою, қара май – сапасыз»

«Мотор майы қара қошқылдана бастағанда оны ауыстыру қажет» және «Қарауытып, күңгірт тартып тұрған майдың сапасы нашар» деген түсінік те теріс. Егер моторыңызға құйған май тез қарауытып кетсе, құрамында жуғыш және ыдыратқыш қоспалардың көптігінен. Бұл майдың лезде ластанып үлгергенін білдіреді. Алайда, оның басты қызметі – кинестетикалық тұтқырлығына еш кері әсері жоқ. Майдың түсі емес, бірінші кезекте жүрілген жолдың ұзақтығы маңызды.



«Жуатын май» моторды тазартады»

Затбелгісіне «Жуатын май» деп жазылғанымен, ол қозғалтқышты тазаламайды. Егер көлік моторын жалтыратқыңыз келсе, бұл үшін эксплуатациялық майды қолданыңыз. Негізгі кір-ласты кетіретін, бір сөзбен айтқанда, мотордың «Фейриі» – сол. Ал «Жуатын май» белгісі бар өнім ағын су секілді, жеңіл-желпі шаң-тозаңды, жуғыш құрал қалдықтарын шаю қызметін ғана атқарады.


«Ескі қозғалтқыштарға синтетикалық май құюға болмайды»

Бұл да адастыратын ойлардың бірі. Синтетикалық майды ескі қозғалтқышқа құюға әбден болады. Әдетте, осындай маймен ауыстырғанда, құрамындағы күшті тазартқыш қоспалар қуыс-қуыста қатып қалған қалдықтар мен бөлінділерді ерітіп жібереді. Қозғалтқыштағы тығыздағыш бөлшектер (сальник – бу, ауа, май, газды шығармай бөгеп тұратын піспектегі майлайтын жабдық) де қалдықтан арылады. Соның салдарынан майдың ағып-тамуы басталады. Бірақ осы кезде кінәні синтетикалық майдан емес, тығыздағыш бөлшектің ескіргенінен іздеп, соларды ауыстырған абзал.


«Пайдаланылған май – анық нашар май»

Барлық пайдаланылған майды бірден нашар, сапасыздар қатарына жатқыза салуға болмайды. Пайдаланылған, қайта қалпына келтірілген майды жаңа май өндірісінде қолданады. Танымал, сенімді маркалардың өзінде кейде майдың 50 проценті пайдаланылған майдан тұруы әбден мүмкін. Онда тұрған ешқандай кінә де, күнә де жоқ, керісінше, пайдаланылған майды көлікке пайдасыз, зиян деп санау – үлкен қателік.


«Энергия үнемдейтін майды барлық көлікке құюға болады»

Сіз осылай ойлағанмен, көлігіңіздің қозғалтқышы басқаша «сөйлеуі» мүмкін. Өйткені, расында да, барлық автокөлік қозғалтқыштары тұтқырлығы төмен маймен жұмыс істей бермейді. Әрбір іштен жанатын қозғалтқыш бөлшектерінің саңылаулары түрлі тұтқырлықтағы майларға есептеледі. Көпшілігінде саңылаулар кеңірек болып келеді, оларға тұтқырлық көрсеткіші жоғары майды құю қажет. Әйтпесе, саңылаулар бітелмей, май ағып кете береді. Сондықтан, көлігіңіздің қозғалтқышы энергия үнемдейтін, тұтқырлығы төмен майға есептеліп жасалғанына сенімді болмасаңыз, тәуекелге бармаңыз.

Мұның бәрі жай ғана білместік, қате ой болып қалса, мейлі. Алайда, олардың кейбіріне көзсіз сеніп, өз көлігіңізге қатысты ұстану техникаға зиянын келтіруі әбден мүмкін. Сондықтан, осындай жаңсақ ойға жол беріп жүрген болсаңыз, жөндеуге тура келеді. Ойыңызды да, көлікті де.

Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Tesla автокөліктерінің ЕҢ ӘЛСІЗ тұстары

Автокөлік атауларында БІЗ БІЛМЕЙТІН ЖҰМБАҚ КӨП