Пайдаланылған көліктердің ЕҢ ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ

0
3 807

Асыра мақтауға сеніп, көлікті сатып алуға асықпаңыз.


Пайдаланылған көліктердің ЕҢ ӘЛСІЗ ТҰСТАРЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі экономикалық ахуал барлық адамның жаңа көлік мінуіне мүмкіндік бермейтіндіктен, кей азаматтар пайдаланылған көлік сатып алады. Ал, мұндай сәтте ескі автомобильдің қай тұсына ерекше мән беру керектігін білу қажет.


Бекіткіш, саңылау, геометрия

Қолданылған көлік сатып алғанда қай бөлігіңің ауысқанын болжау өте қиын. Алайда, бөліктер арасындағы бос орындар мен бекітпелерге мұқият қарасаңыз, көп нәрсе түсінікті болады. Яғни, қанат, есік пен тұтқалардағы барлық бекітпелер зауыттық болуы керек және бөлшектеу белгілері болмауы қажет. Егер бекіткіштің айналасындағы бояу қабаты қабыршақтанған болса, сол бөлшек ауыстырылған немесе жөнделген деген сөз. Өйткені, бөлшектеуден кейін зауыттық параметрлерді қайтару мүмкін емес. Мысалы, есікке жоғарыдан, төменнен, бүйірден қарағанда бос кеңістік міндетті түрде бірдей көрінеді. Егер, ондай болмаса, элемент бөлшектеліп, содан кейін дұрыс орнатылмаған деген сөз.



Қозғалтқыш

Қолданылған көлік аларда әсіресе дизельді қозғалтқыштарға ерекше назар аударған жөн. Өйткені, оларды жөндеу қиын әрі қымбат болады. Мұндай қозғалтқыштар отынның сапасы мен майды уақтылы алмастырмауға келгенде өте сезімтал.

Дизельді қозғалтқыш пайдаланылған газды қайта өңдеу жүйесінің клапанымен, қабылдау коллекторының ластануымен, жиі бітеліп, ауыстыруды қажет ететін бөлшек сүзгісімен сипатталады. Ең бастысы — турбодизельдердегі турбина шығынның шығыны болып саналады. Себебі, оның өте қымбат.

Сондай-ақ, сатылатын көліктің қозғалтқышы жуылған болса, дұрыстап тексеру қажет болады. Сонымен бірге, радиатордың ауысуы, ұсақ бөлшектердің майысуы, май мен басқа да сұйықтықтардың ағуы көліктің соқтығысуынан пайда болуы мүмкін.



Шамдар

Көлік апатынан кейін панельдегі кейбір жарық белгілердің жанып қалуы әбден ықтимал. Егер қауіпсіздік жастығының белгішесі жанбаса, ол мүлдем болмауы да мүмкін. Мұндай жағдайда, көлікті арнаы тексерткен абзал.


Қауіпсіздік белдігі

Тағы бір пайдалы кеңес – барлық қауіпсіздік белдіктерін мұқият тексеріп, әрқайсысын соңына дейін созып көру. Сонымен қатар, созылған белдік тезірек қалпына келуі қажет. Себебі, апатқа ұшыраған көліктердің бқл бөлігі дұрыс істемей қалады.


Шанақ бояуы

Көліктің бояуы уақыт өткен сайын сыр беретіндіктен, оны жаңарту қисынды. Бірақ, жаңа көліктің толықтай қайта боялуы күмән тудыратын жағдай. Мұндай кезде бояудың қалыңдығын өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы ультрадыбыстық құрылғыларды қолдану қажет.


Беріліс қорабы

Ақау автоматты беріліс қорабында да, механикалық беріліс қорабында да болуы мүмкін. Механикалық беріліс қорабы әсіресе жүргізушілердің тәжірибесіздігінен зақымданады. Мәселен, біреу іліністі аяғына дейін баспаса, енді бірі берілістерді қалай болса солай ауыстыра салады. Сонымен қатар, берілісті жиі-жиі қате таңдау бұзылуға соқтырады.Айтпақшы, беріліс қорабын үнемі қолмен ұстап тұру әдеті де зиянды.

Ал, автокөліктің бұрынғы иесі бұл нюанстарды мойындауы екіталай. Сондай-ақ, беріліс қорабындағы майды ауыстырып тұруды ұмытпаған жөн.



Автокөлік тарихы

Есіңізде болсын, пайдаланылған көліктің иелері кейде бағаны көтеру үшін одометрдің көрсеткіштерін төмендетіп қояды. Сондай-ақ, маңызды бөлшектерді уақтылы ауыстырмай, қызмет ету мерзімінің қысқаруына себеп болады. Одан бөлек, көлік иелерінің асыра мақтауларына сеніп, сатып алуға асық болмаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Өз ақауын ӨЗІ АНЫҚТАЙ АЛАТЫН көліктер бар


Автокөлік атауларында БІЗ БІЛМЕЙТІН ЖҰМБАҚ КӨП