Tesla-ны құрған ИЛОН МАСК ЕМЕС. Bentley жасауға 18 сиырдың терісі керек

0
2 508

Автокөлік әлемінде біз білмейтін құпия көп!


Tesla-ны құрған ИЛОН МАСК ЕМЕС. Bentley жасауға 18 сиырдың терісі керек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Егер, сіз автомобильдер жайлы барлығын білемін деп ойласаңыз, қателесесіз. Өйткені, бұл салада көпшілік біле бермейтін қызықтар өте көп. Бүгін сол деректерді назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.


Tesla Motors-тың негізін қалаған Илон Маск емес

Қазір Илон Маск деген есімді естігенде есімізге бірден Tesla компаниясы, Tesla дегенде Илон Маск түседі. Өйткені, бүгінгі таңда бұл екі ұғым дүниежүзіне танымал болып, бір-бірінің атақ-даңқын көтеріп жүр деуге болады. Алайда, кейінгі кездері Tesla компаниясын құрған басқа адамдар екені жиі айтылып жүр. Шындығында біз әңгіме етіп отырған "Электрокар" компаниясының негізін қалаушылар Мартин Эберхард және Марк Тарпеннинг деген адамдар. Ал, Илон сол компания құрылғанда ұжым құрамында болған екен.

Айта кетейік, Мартин Эберхард – 2007 жылы әлемдегі ең жаңашыл және адамзат үшін ең құнды 32 адамның бірі ретінде танылған американдық инженер әрі бизнесмен болған екен.



Әлемдегі жылдамдық режимін алғаш бұзған жүргізушіге 13 км/сағ. жылдамдығы үшін айыппұл салынған

1896 жылы Англия елдімекендеріндегі шектік жылдамдық бар-жоғы 3 км/сағ болған екен. Бірақ өзінің алғашқы көлігін сатып алған Уолтер Арнольд есімді азамат бұл шектеулерге бағынғысы келмей, бірде көлігінің максималды жылдамдығын тексеруге шешім қабылдайды. Нәтижесінде жол полицейлері оны 13 км/сағ жылдамдықпен жүргені үшін жазалап, айыппұл салады. Айыпұл көлемі – қазіргі ақшамен 5-6 теңгедей болған көрінеді. Қазіргі дәуірдің жүргізушілері үшін бұл да бір қызық мәлімет деп ойлаймыз.



Бір Bentley жасау үшін 18 сиырдың терісі керек

Bentley компаниясы әлемдегі ең сәнді және қымбат автомобильдерді шығарады. Сондай-ақ, бір Bentley-дің былғары интерьерін тігу үшін 18 сиырдың терісі қажет болады екен.



Экологиялық тұрғыдан жылқыға қарағанда автомобильдер таза

Бүгінде көліктен шығатын түтінге қатысты айтылатын сын көп. Бірақ, сарапшылар қазіргі көліктер бұрын көлік орнына қолданылған жылқылардан әлдеқайда жақсы екенін айтады.

«Автоиндустрия пайда болмай тұрып, ірі қалаларда көлік орнына көптеген жылқы қолданылды. Сол кезеңде тұрғындар жылқы көңінің иісіне тұншығып, аяпен басып жүрген», - дейді әлемдік сарапшылар.

Содан да болар, көптеген адам пәленбай аттың күші бар көлікті экологиялық тұрғыдан таза көлік деп санайды.



Кассеталық магнитофоны бар соңғы автомобиль 2011 жылы шығарылған

Бүгінде кассета салынатын магнитофоны бар көлікті кездестіру өте қиын. Тіпті, 2000 жылдардан кейін туылған жастар оның не екенін де білмеуі мүмкін. Ал, мұндай құрылғымен жабдықталған ең соңғы автокөлік 2011 жылы шыққан. Ол Ford Crown Victoria деп аталады.



Автомобильге ең бірінші борттық радионы Motorola компаниясы орнатқан

Елімізде ұялы телефон көбейе бастаған жылдары Motorola компаниясының телефондары танымал болған еді. Бірақ, бұл компания ең бірінші жұмысын радио шығарудан бастаған. Тіпті, 1930 жылы автомобильдер арасындағы алғашқы борттық радионы да осы компания жасап, орнатқан екен. Содан кейін бұл нағыз сәнге айналып, сол кездің ақшасымен құны 110 долларға жеткен. АЛ, сол кезде көліктің бағасы 600 доллардың айналасында болыпты. Тағы бір қызықты дерек – сол жылдары автокөлікке борттық радио орнату үшін екі адамға кем дегенде бір апта уақыт қажет болған.



Артқы жақты көрсететін айна спорт көліктеріне ғана орнатылған

Қазір кез келген көлікте артқы көрініске арналған айна болады. Бірақ, бастапқыда оны жарыс көліктері үшін ойлап тапқан. Сол кездері спорткарлар екі адамға арналып жасалған. Алдында жүргізуші, артында механик отыратын болған. Ал, айна екеуінің арасындағы байланысты жеңілдету үшін орнатылған екен.



ХХ ғасырдың басында жанармай тұтынатын автомобильдерге қарағанда электромобильдер көп болған

Өткен ғасырдың басында бензин көп болмағандықтан, көліктердің шамамен 40 пайызы бу қозғалтқышымен, 38 пайызы электрлік қозғалтқышпен, ал қалған 22 пайызы ғана бензинмен жүретін болған. Ал, қазір керісінше, көлік қозғалтқышының басым бөлігі бензин арқылы жұмыс істейді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Әлемге ӘЙГІЛІ автокөлік мұражайлары - тарихтан тәбәрік


АВТОМАТ немесе ВАРИАТОР – қайсысы дұрыс? Маман КЕҢЕС береді