Енді көлік шамы иесіне ескерту жасап отырады

0
3 056

Digital Light автомобиль фараларының басты артықшылығы — көліктің электронды көмекшілерін пайдалана отырып, жүргізушіге алдын-ала ескертпелер жасауы.


Енді көлік шамы иесіне ескерту жасап отырады

фото: kolesa.kz

Женевадағы Mercedes-Maybach салоны Digital Light жарықтандыру жүйесінің жаңа жобасымен таныстырды. Бұл жайлы kolesa.kz сайты хабарлаған болатын.

Digital Light автомобиль фараларының басты артықшылығы — көліктің электронды көмекшілерін пайдалана отырып, жүргізушіге алдын-ала ескертпелер жасауы.

Ол нені ескертеді? Барлығын. Жүргізушіні алда не күтіп тұрғанын — жол бойындағы жаяу жүргінші, жануар, ескертпелер, ауа райының өзгеруі, көлік жылдамдығы, жақын маңдағы бұрылыс пен жолайрықтар, жолдың жабылуы, алдағы көліктермен арақашықтығы сынды жүргізуші білуге тиіс ақпараттың бәрін көрсетіп тұрады.

Қалай көрсетеді? Асфальт бетіне үлкен бейнесін не сұлбасын шығару, түрлі сызбалар арқылы. Осылайша жетілдірілген жаңа Digital Light шамдары жүргізуішінің сенімді көмекшілерінің біріне айналады.

Өндірушілердің мәліметінше, әрбір шамда басқару чипі мен миллионнан астам шағылдырғыш бар. Әсіресе, тәуліктің қараңғы мезгілінде тиміділігі арта түсетін шамдардың жарық күшін қолдан басқаруға болады.

Жаңа үлгідегі фаралар алғаш болып жаңартылған Mercedes-Maybach S-Class үлгісіндегі автокөлікке орнатылатын болады.

Бұған дейін Аахен қаласындағы Ford ғылыми-зерттеу орталығында жасалған «ақылды» шам көпшілікке көрсетілген болатын. Алайда, ол «ақылды» шамның шамасы қараңғы жол бойындағы адам мен жануар сұлбасын ғана байқауға жететін еді.

Дайындаған: А. Бектұрғанова

ERNUR.KZ