Жаздық шина таңдап жүрген жүргізушілер БІЛУІ ТИІС

0
2 733

Қазір таңдау жасау өте қиын.


Жаздық шина таңдап жүрген жүргізушілер БІЛУІ ТИІС

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көлікке жаздық шина таңдауға қыстық шина таңдағандай жауапкершілікпен қарау керек. Себебі, шинаның сипаттамалары жылы ауа райымен де тығыз байланыста болады. Олардың ішінде төтенше тежеу, дымқыл жолмен жанасу, аквапланингтің алдын алу, ыстыққа төзімділік секілді жағдайлар бар. Тозуға төзімділік пен шу деңгейінің көрсеткіштері де маңызды. Сондықтан әрбір шина түрінің қыр-сырын зерделеп, 2023 жылға арналған ең жақсы нұсқалардың рейтингін жасадық.


«ПРЕМИУМ» САНАТЫНДАҒЫ ҮЗДІК 3 ЖАЗДЫҚ ШИНА


Yokohama Advan Sport V105

Yokohama Daimler тапсырысы бойынша және неміс өндірісінің барлық талаптарын ескере отырып V105 моделін әзірледі. Бұл шиналар ерекше класқа жататын және спорттық автомобиль иелері арасында өте танымал. Өндірушілер спорттық жүріс режимі мен жайлылыққа баса назар аударған.

Артықшылықтары:

  • Жолда басқарылуы – шинаның қатты, қырлы бес асимметриялық протекторы 200 км/сағ-тан жоғары жылдамдықта да басқару қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
  • Кез келген жағдайда шинаның диагональды саңылаулары мен жақтауы құрғақ немесе дымқыл жолмен байланысты нығайтып, динамиканы сақтауға мүмкіндік береді;
  • Шинаның беріктігі де жоғары. Механикалық зақымдануға төзімді әрі ерте тозбайды.

Дегенмен, бұл шинадан кез-келген жылдамдықта шу пайда болады. Сонымен бірге, кедір-бұдыр жолда өте сезімтал.


Dunlop SP Sport MAXX RT2

Бұл – спорттық режим мен қала ішінде жүруге өте қолайлы шина түрі. Оны өндіру үшін түрлі жол жабындарына бейімделген резеңке қоспасы қолданылады. Сынақтар нәтижесінде бұл шинаның «Ultra High Performance» класына сәйкес келетіні анықталған.

Артықшылықтары:

  • Асимметриялық көпфункциялы протектор мен күшейтілген жақтауы бұрылыстарда көмектеседі;
  • Өндіруге қолданылатын соңғы буын материалдары мен ойыс белгілері бар жалпақ бүйір қабырғалары үдеуді қамтамасыз етеді;
  • Жаңбырға төзімді, яғни ойықтармен байланысқан төрт бойлық арна қауіпсіздік деңгейін түсірмей, дымқыл асфальтта жылдамдықты төмендетпеуге мүмкіндік береді;

Бұл шина сапасы төмен жолда да жайлылық сыйлай алады.

Бірақ, шина екі жазғы маусымнан кейін тоза бастайды.



Toyo Proxes ST III

Toyo Proxes ST III спорттық кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерге арналған жоғары өнімді UHP моделі. Протекторының дизайны көзге жағымды көрініп қана қоймай, құрғақ және дымқыл асфальтта жоғары жылдамдықты, өнімділікті қамтамасыз ете алады.

Артықшылықтары:

  • Жебе тәрізді протекторы түрлі маневр жасау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
  • Дренаж қызметін атқаратын арналары «зигзаг» түрінде жасалған және орталықтан бастап кеңейе береді. Бұл суға таю қаупін айтарлықтай азайтып, тежеу жолын қысқартады;

Алайда, сапасыз асфальт пен қара жолда тез тозуы мүмкін.



«ОРТА» САНАТТАҒЫ ҮЗДІК 3 ЖАЗДЫҚ ШИНА


Hankook K117 Ventus S1 Evo2

Оңтүстік Корея брендінің бұл шинаны орташа өлшемді дөңгелекпен жабдықталған автомобильдерге де, спорттық және арнайы автомобильдерге де орнатуға болады. Протекторы «DTM» сериялы жарыстарында жиі қолданылатын «Multi Tread radius» технологиясымен жасалған.

Артықшылықтары:

  • Шина көліктің ылғал немесе құрғақ жолда жақсы ұстайды;
  • Бұл модельдің көптеген модификациялары 300 км/сағ жылдамдықта да тиімді басқаруды қолдайды;
  • Үш қабатты протекторы мен күшейтілген жақтауы кез келген маневр кезінде жолмен байланысты сақтайды.

Дегенмен, дөңгелек қандай да бір кедергіге соқтығысқанда шина дискіні қорғай алмайды.


Pirelli Cinturato P7

Pirelli – жеңіл автомобильдер үшін салыстырмалы түрде арзанға түсетін модель. Шиналарды жасау үшін «green Performance» брендінің стратегиясына сәйкес, экологиялық таза материалдар қолданылады. Шиналар жылдам жүруге бейімделген.

Артықшылықтары:

  • Шинаның орталық қабырғалары динамиканың тиімділігі мен бағыттың тұрақтылығын арттырса, күшті бүйір бөліктері маневрді қауіпсіз және дұрыс жасауға мүмкіндік береді;
  • Шина қоспасының жетілдірілген құрамы тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, дымқыл асфальтпен байланыс деңгейін де арттырады;
  • Өндіруге қолданылған резеңке басқа шиналарға қарағанда шу деңгейін төмен деңгейде ұстайды.

Бірақ, бұл шина температура +10 - +4°C аралығында болған кезде өте сезімтал және сапасыз жолға төзімсіз. Кедір-бұдыр жолмен көп жүрген сайын, тозуы үдей береді.


Toyo Proxes CF2

Бұл модель қуаттылығы орташа және жоғары автомобильдерге арналған және 210 км/сағ жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді. Өндірушілер бұдан алдыңғы «CF» моделімен салыстырғанда дымқыл жолмен жанасу сапасын 15%-ға арттырған екен.

Артықшылықтары:

  • Бұл әр түрлі жолда және кез-келген ауа-райында қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады;
  • Мұқият имитацияланған протектор үлгісі шиналардың беріктігін арттырған, яғни төзімділігі жоғары;
  • Құрамында кремний мөлшері жоғары болғандықтан, жанармай үнемдеуге көмектеседі.

Ал, кемшілігі – асфальттағы тежеу қашықтығының ұзаруы, жоғары жылдамдықта маневр жасаудың қиындауы және кедір-бұдыр жолдардағы жайсыздығы.



АРЗАН ШИНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК ҮШТІК


Maxxis Premitra HP5

Тайванда шығатын бұл шина арзан болғанымен, Ultra High Performance класына жатады. Шиналардың жоғары тиімділігі «auto Zeitung» атты неміс басылымының сынақ нәтижелерімен расталған.

Артықшылықтары:

  • Қоспа құрамының жартысынан көбі тұндырылған кремний қышқылымен қамтылғандықтан ылғал тартқыш болып келеді;
  • Үш кең бойлық қабырға шинаны зақымданудан және тозудан қорғайды;
  • Шина бұрылыстар мен маневр жасау кезінде көліктің жылдамдығын сақтауға мүмкіндік береді.

Десе де, шина тек асфальтта ғана өзінің ерекше қасиеттерін сақтай алады.


Kumho Ecsta PS71

Kumho Еcsta PS71 қолжетімді әрі әсіресе, құрғақ жолда жоғары өнімділікті сақтайтын модель. Көптеген өлшемдер бұл шинаның 300 км/сағ жылдамдыққа дейін шыдайтынын көрсеткен.

Артықшылықтары:

  • Шина қоспасындағы серпімді материалдар кедір-бұдыр асфальтта жайлы жүруді қамтамасыз етеді;
  • Жетілдірілген протектор, ойластырылған дренаж жүйесі дымқыл жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бірақ, шина жолдағы ойықтарға өте сезімтал.


Cordiant Road Runner

Cordiant Road Runner – шағын және салмағы орташа автомобильдер үшін тамаша шина. Ол лайықты байланысу сипаттамаларына, сондай-ақ 210 км/сағ-қа дейінгі жылдамдық индексіне ие. Екі қабатты асимметриялық протектор шинаның беріктігін қамтамасыз етеді.

Артықшылықтары:

  • Шина өндірісіне қолданылған қоспалар мен протектор үлгісінің ерекшеліктері жоғары жылдамдықта да шу шығармауды қамтамасыз етеді;
  • Механикалық зақымдануға және ыстық температураға төзімді;
  • Ылғал жолда тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.


Жалпы, жаздық шина таңдайтын адам үшін нұсқа өте көп және таңдау жасау қиынға соғады. Адамдар бір жағынан қауіпсіздікті ойласа, екіншіден қаржыны есептейді. Сондықтан, мейілінше өз бетіңізше ізденіңіз немесе жанашыр, тәжірибелі мамандардан кеңес сұраңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Tesla автокөліктерінің ЕҢ ӘЛСІЗ тұстары


МОТОР МАЙЫ туралы көп айтылатын 7 ҚАТЕ пікір