1 стақан фарш + 1 стақан ірімшік = дәмді орама

0
3 045

​Екі стақан қоспамен хош иісті әрі өте дәмді орама дайындап көрейік.


1 стақан фарш + 1 стақан ірімшік = дәмді орама

ұмыстан кеш келгенде немесе жеңіл тамақ әзірлеу керек болғанда осы ораманы пісіруге болады. Тартылған тауық еті мен ірімшік қосылған бұл тағамның пісуі де тез.

Қажетті заттар:

  • 500 гр. тауық еті
  • 180 гр. қатты ірімшік
  • 4 дана жұмыртқа
  • Азырақ ұн
  • Қаймақ
  • 1 дана пияз
  • 1-2 тіс сарымсақ пен дәмдеуіштер қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен ірімшік үккіштен өткізіп аламыз. Содан соң оған жұмыртқаны, қаймақ пен дәмдеуіштерді қосамыз. Барлығын бір табаққа салып, біркелкі болғанша араластырамыз.
  2. Енді табаға пергамент қағазын салып, майлаймыз да ірімшік араласпасын құямыз.
  3. Ірімшік араласпасын табаға барынша жайып, пешке салып пісіреміз. Осы уақыт аралығында салмасын дайындауға болады.
  4. Тауық етін еттартқыштан өткізіп, сарымсақ пен пиязды майдалап турап араластырамыз. Содан соң осы фаршты дайын болған ірімшік пісірмесінің бетіне жайып шығамыз.
  5. Енді ірімшікті орап, жақсылап орама жасаймыз.
  6. Дайын болған ораманың сыртынан фольга қағазын екі қабаттап орап, пешке салып, 1 сағаттай пісіреміз.
  7. Осы уақыт аралығында ірімшік пен тауық еті қосылған орама тағамымыз да дайын болады.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Құрма мен қытай қырыққабатынан дайындалған ерекше салат


"Моцарелла" ірімшігін үйде-ақ жасап алуға болады


Үйде макароннан басқа ЕШТЕҢЕ қалмағанда жасауға болатын 5 ТАҒАМ