​Алма қосылған тәтті күлше

0
1 619


​Алма қосылған тәтті күлше

Бұл күлшеге жұмыртқа да, қант та қоспаймыз. Ұнның орнына ұнтақ жармасын пайдаланамыз. Осылайша пайдалы әрі тәтті печенье дайындаймыз. Бұл күлше балаларға ұнайды.


Қажетті қоспалар:

  • 2 дана алма
  • 80 гр. ұнтақ жармасы (манка)
  • 130 гр. күріш ұны немесе бидай ұны
  • 50 мл өсімдік майы
  • ½ шай қасық қамыр қопсытқыш.

Дайындалу тәсілі:



  1. Алмалардың қабығын аршып, ірі үккіштен өткіземіз. Шұңғыл табаққа салып, лимон шырынын себелейміз.
  2. Үккіштен өткізілген алмаға ұнтақ жармасын қосып араластырамыз да, бетін пленкамен жауып, тоңазытқышқа саламыз. 1 сағат тұруы керек. Осы уақытта ұнтақ жармасы көпси бастайды.
  3. 1 сағаттан кейін алманы тоңазытқыштан алып, 50 мл өсімдік майын қосамыз. Артынша 130 гр. күріш ұны мен қамыр қопсытқышты салып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  4. Пісірмеге арналған табаға пергамент қағазын салып, май жағамыз. Содан соң алма қосылған қамырды жайып салып, төртбұрышты бөліктерге бөліп, кесіп шығамыз.
  5. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, табаны саламыз да, күлшемізді 35 минут бойы пісіреміз.
  6. Дәмді күлшеміз де дайын! Шай ішерде осындай күлше әрдайым дастарханыңыздан табылсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Хит тағам: картоптан жасалған «ұяшықтар»


5 минутта дайындалатын ТОРТҚА арналған КРЕМДЕР