АПЕЛЬСИНГЕ салынған ЕРЕКШЕ салат

0
2 462

Апельсин қабығы тәрелкенің қызметін атқара алады.


АПЕЛЬСИНГЕ салынған ЕРЕКШЕ салат

Кез-келген салат дастарханның сәнін келтіріп, қонақтардың көңілін көтере түседі. Ал, апельсинге салынған салат тәбетті ашатынын да ұмытпайық. Сонымен қатар, мұндай салаттарды сыйлы қонақтарға ұсынсаңыз да болады. Ендеше апельсин қосылған өте дәмді салаттарды жасап көрейік.



Қажетті өнімдер:

  • 3 дана апельсин
  • 2 дана тауық еті
  • 2 дана орташа көлемдегі қияр
  • Тұз, майонез қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етін қайнатып, пісіріп аламыз. Суыған соң майдалап турау қажет. Ұзыншалап турауға да болады.
  2. Апельсиндерді жуып, ортасынан айналдыра зигзаг тәрізді қалыппен кесіп шығу қажет. Сонда апельсиндер қақ ортасынан бөлінеді.
  3. Енді апельсиннің етті жерін алып тастап, тураймыз.
  4. Қиярды да майда әрі ұзынша қалыпта турайды.
  5. Сосын барлығын майонезбен араластырып, тұз қосыңыз да апельсин қабығына салыңыз. Ал, салаттың бетін қызыл түсті жидекпен әсемдеуге болады.


Апельсин мен краб таяқшалары қосылған салат



Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. краб таяқшалары
  • 2 дана апельсин
  • 1 банка консервіленген жүгері
  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 тіс сарымсақ
  • Майонез

Дайындалу тәсілі:

  1. Жұмыртқаны қайнатып, қабығын аршып, майдалап турау керек.
  2. Краб таяқшаларын да майдалап турап, жүгеріні қосамыз.
  3. Апельсиннің қабығын аршып, етін майдалап тураймыз. Бірақ қатты езіп жіберуге болмайды.
  4. Сарымсақты үккішпен үгіп, барлығын араластырамыз. Содан соң майонезбен араластырып салат салатын тәрелкеге немесе апельсин қабығына салып қоюға болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Мына КЕКСТІ 30 минутта ПІСІРУГЕ болады


ЖЕМІС қосып та ӨТЕ ДӘМДІ салат жасауға болады