Ауызашарға шөл қандыратын дәмді квасты үйде дайындай аласыз

0
5 537

Квас - халал тағам. Оны әркім өз үйінде әзірлеп іше алады.


Ауызашарға шөл қандыратын дәмді квасты үйде дайындай аласыз

Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқандар үшін ауызашар асында сусынның орны ерек екені белгілі. Әсіресе, Шымкент сияқты ауа райы ыстық болатын аймақта мұсылмандық парызын өтеп жатқан жандарға дәмді сусынды дайындеп бергеннің өзі сауабы мол іс.

Міне, осындай сусындардың бірі - үйде, қолдан дайындалатын квас. Тек Рамазан айында ғана емес, мұны алдағы келе жатқан жаз маусымында да дайындап, отбасыңызға, қонақ дастарханына ұсынсаңыз болады.

Өте оңай дайындалатын әрі дәмді квас ішкіңіз келе ме? Олай болса, шөлді басатын мына квасты үй жағдайында әзірлеп көріңіз.



Қажетті өнімдер:

  • 1 бөлке нан
  • 20 дана мейіз.
  • 6 л су
  • 300 гр. қант
  • 1 шай қасық ашытқы
  • 3-4 тілім лимон

Дайындалуы:

  1. Ең алдымен бөлке нанды турап, пешке салып, қызарта қуырып аламыз. Ол үшін табаға нанды салып, қызып тұрған пеште ұстайсыз.
  2. Мінекей, өте дәмді квасымыз да дайын болды.
  3. Кейіннен осы нанды кастрөлге немесе шелекке салып, үстінен қайнаған су құямыз. Қақпағын жауып, жылы жерге қоямыз.
  4. Біраз суығаннан кейін нанды сүзіп алып, суға жылы кезінде ашытқыны саламыз. Сонымен бірге 300 гр. қант пен 3-4 тілім лимонды да салып жіберу керек.
  5. Кастрөлдің бетін дәкемен жауып, 8-12 сағатқа қалдырамыз.
  6. Жылы жерде тұрған квасты осы уақыт өткеннен кейін бокалдарға құйып іше беруге болады. Ал, әрбір бокалға 4-5 дана мейізден салып жіберуді ұмытпау керек.

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Газды сусынды үйде де дайындауға болады


Шоққа піскен картоп. Табиғат аясында картоптан кәуап жасап жегенге не жетсін!