АУЗЫҢЫЗДА еритін АЛМА салынған КҮТІРЛЕК күлше (видео)

0
2 734

Кішкентайлар да, ересектер де сүйсініп жейтін күтірлек күлшені дайындау да қиын емес.


АУЗЫҢЫЗДА еритін АЛМА салынған КҮТІРЛЕК күлше (видео)

Бір істі қолға алса нәтижесін көрсетпей тынбайтын әйелдер қауымына арналған рецепт.

Күнделікті пирог, торт пісіруден жалыққан болсаңыз, өте дәмді әрі пайдалы күлшені әзірлеп көріңіз. Көңіліңізден шығатынына сенімдіміз.


Қажетті өнімдер:

  • Салмасына: 4 дана алма
  • 200 гр. қант
  • 1 шай қасық ұнтақ даршын (корица)
  • Қамыр үшін:
  • 125 гр. жұмсақ сары май
  • 125 гр. өсімдік майы
  • 2,5%-дық 125 гр. кефир
  • 75 гр. қант ұнтағы (сахарная пудра)
  • 10 гр. ванильді қант
  • 1 ас қасық крахмал
  • 1 шай қасық куркума
  • 1 дана жұмыртқа
  • 630 гр. ұн


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен салмасын дайындап алайық. Ол үшін 4 алманы тазалап жуып, қабығын аршисыз. Сосын майда үккіштен өткізесіз. Дәндерін алып тастау керек.
  2. Үккіштен өткізілген алмаға қантты салып, араластырыңыз. Осы араласпаны табаға салып, 20-25 минуттай қуыру керек. Даршынды салып, тағы бір араластырасыз да, 1-2 минут қуырасыз. Сонда салма да дайын болады.

3. Енді күлшеміздің қамырын дайындаймыз. Ол үшін табаққа жұмсақ сары майды, өсімдік майын, кефирді, қант ұнтағы мен ванильді қантты, крахмал, куркуманы салып, венчикпен араластырамыз. Сосын жұмыртқаны салыңыз да, тағы да араластырып, ұнды қосыңыз. Осылайша араласқан қоспалардан жұмсақ қамыр илейсіз.

4. Дайын қамырдан жаңғақтың көлеміндей ғана үзіп алып, оқтаумен жайыңыз. Осылайша барлық қамырды жайып шығасыз. Біртіндеп, жеке-жеке жайып шығуға да болады. Содан соң арасына 1 шай қасық салма салып, орасаңыз болғаны.

5. Күлшелерді пергамент қағазы салынған формаға салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 30 минут пісіресіз.

6. Дастарханға ұсынарда бетіне қант ұнтағын себелеуді ұмытпаңыз.

Астарыңыз дәмді болсын!


Дереккөз: steaklovers.menu

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сергек жүруіне көмектесетін таңғы ас мәзірлері


Таңғы асқа картоптан құймақ дайындаңыз


Мына салаттарды міндетті түрде жауып алыңыз