Құрма мен қытай қырыққабатынан дайындалған ерекше салат

0
2 195

Қыс мезгілінде жасалуы оңай әрі пайдалы іздесеңіз, дәл осы салатты жасап көріңіз.


Құрма мен қытай қырыққабатынан дайындалған ерекше салат

Қытай қырыққабатын басқа да салаттарға қосып жатады. Әсіресе "Цезарь" салаты естеріңізде болар?! Егер "Цезарьдың" орнын басқасымен алмастырғыңыз келсе, құрма мен қытай қырыққабатынан өте дәмді салат шығатынын ескеріңіз!


Қажетті заттар:

  • Қытай қырыққабаты
  • Пияз
  • 2 дана құрма
  • 1 тіс сарымсақ
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • 1 шай қасық сірке суы
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Қырыққабатты майдалап турап, пиязды жұқалап әрі жартылай дөңгелектеп тураймыз.
  2. Құрманың қабығын аршып, тіліктеп тураймыз.
  3. Сосын осы туралғандарды зәйтүн майымен араластырып, сірке суын қосу керек.
  4. Салат салатын тәрелкеге сарымсақ жағып, салатты жайғастырамыз.
  5. Салаттың бетіне күнжіт пен ұнтақталған қара бұрыш себелеуге болады. Бұл салатты тек жер алдында ғана дайындаған дұрыс. Себебі, біраз тұрып қалса қырыққабат жұмсарып кетеді.



Тағы да оқыңыз:


"Моцарелла" ірімшігін үйде-ақ жасап алуға болады

Үйде макароннан басқа ЕШТЕҢЕ қалмағанда жасауға болатын 5 ТАҒАМ


Картопты енді ҚУЫРМАЙМЫЗ: 5 түрлі заманауи мәзір