Қырыққабат пен тауық етінен пісірме

0
1 434

Күнделікті үйреншікті тағамдардан жалыққан жоқсыз ба? Сіз де бір ерекше кешкі ас дайындап көріңіз!


Қырыққабат пен тауық етінен пісірме

Гүлді қырыққабат пен тауық етінен өте дәмді пісірме әзірлеуге болады. Бұл тағамға түрлі дәмдеуіштер қоссаңыз да артықтық етпейді.


Қажетті қоспалар:

  • 350 гр. тауық еті
  • 250 гр. гүлді қырыққабат
  • 130 мл сүт
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 1 дана жұмыртқа
  • 1 дана лавр жапырағы
  • 1 шай қасық ұнтақталған сарымсақ
  • 1 шай қасық паприка
  • 0,5 шай қасық тмин
  • 0,5 шай қасық хмели-сунели
  • 80 гр. ірімшік
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш.


Дайындалу тәсілі:

  1. Гүлді қырыққабатты бірнеше бөлікке бөліп, әрбір бөлігін екіге бөлу қажет. Қырыққабатты ұсақтап тураған дұрыс. Сөйтіп форманы майлап, гүлді қырыққабатты салу керек.
  2. Тауық етін текшелеп турап, қырыққабаттың үстіне саламыз. Лажы болса тауық етінің терісін алып тастаған дұрыс.
  3. Тағамға дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіштер қосамыз.
  4. Енді тұздықты дайындаймыз. Ол үшін сүт, жұмыртқа, мен қаймақты бір ыдысқа құйып, венчикпен араластырамыз. Тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырған дұрыс. Егер майлы болғанын қаласаңыз, қаймақтың орнына майонез қосуға болады.
  5. Осы тұздықты тауық етінің үстінен құйып, 200 градусқа қыздырылған пеште 30 минут пісіреміз. Егер осы уақыт аралығында қырыққабат жұмсармаса тағы да 10 минут пеште ұстауға болады.

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Алма қосылған тәтті күлше


Балықтан КӘУАП дайындай білесіз бе?