Микротолқынды пеште аз уақытта пісетін тағамдар

0
1 928

Тез дайындай аласыз.


Микротолқынды пеште  аз уақытта пісетін тағамдар


Микротолқынды пеште піскен тағам

Қажетті қоспалар:

  • Қатты ірімшік пен дәмдеуіштер
  • Өсімдік майы
  • 2 тіс сарымсақ
  • Майонез
  • 3 дана пияз
  • 6 дана қозықұйрық
  • 2 дана картоп


Дайындалу тәсілі:

  1. Микротолқынды пештің ыдысын майлап, сарымсаққыштан өткізілген сарымсақты осы ыдысқа саламыз. Сосын бір қатар қылып дөңгелек қалыпта туралған картопты жайып салу керек. Картоптың бетіне дәмдеуіштер мен тұз сеуіп, оның бетіне туралған пиязды жайып шығамыз.
  2. Келесі қабатты қозықұйрықтан жасаймыз. Саңырауқұлақтың бетіне де тұз себеміз.
  3. Енді ірімшікті үккіштен өткізіп, майонезбен араластырамыз. Сөйтіп тағамның бетіне жағасыз. Осылайша дайындалған тағамды микротолқынды пешке 10 минутқа салу керек. Артынша тағы да 10 минутқа қойып, тағамды ары қарай пісіресіз. Піскен картоп пен қозықұйраққа майдалап туралған аскөкті себелеп, дастарханға ұсына беруге болады.


Балық та микротолқынды пеште піседі



Қажетті қоспалар:

  • 0,3 шай қасық карри дәмдеуіші
  • 200 мл кілегей
  • Балық еті
  • Аскөк пен тұз.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен балықты бөлшектеп, табаққа саламыз. Содан соң балық салынған табақты асханалық пленкамен жақсылап орап, микротолқынды пешке саламыз. Пешті ең жоғарғы температурасына қоюды ұмытпаңыз.
  2. Осы уақыт аралығында тұздық дайындап алуға болады. Кілегейді сәл ғана отқа қойып қыздырып, карри дәмдеуіші мен майдалап туралған аскөкті қосамыз.
  3. Піскен балықты пештен алып, тәрелкеге саламыз. Бетіне тұздықты құйып, жей беруге болады.



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Өте дәмді ШАУРМАНЫ үйде де дайындай аласыз


Ет жоқ кезде дайындалатын өте дәмді МАНТЫ