Наурыз дастарханында қандай тағамдардың болғаны дұрыс?

0
14 436

Қонақжайлылық – қазақтың ең ерекше қасиеттерінің бірі. Олар келген қонақты үнемі көңілді қарсы алып, көңілінен шығуға тырысады. Сосын кең жайылған дастархан басына шақырады.


Наурыз дастарханында қандай тағамдардың болғаны дұрыс?

фото: qarmaqshy-tany.kz

Қонақжайлылық – қазақтың ең ерекше қасиеттерінің бірі. Олар келген қонақты үнемі көңілді қарсы алып, көңілінен шығуға тырысады. Сосын кең жайылған дастархан басына шақырады.

Наурыз мейрамында дастарханға міндетті түрде ақ өнімдері қойылады. Қымыз, қымыран, шұбат және айран, сүт қатылған шай ұсынылуы керек.

фото: tengrinews.kz

Сонымен қатар, ет тағамдары қазақ дастарханының көркін ашары сөзсіз. Әсіресе қазақтың төл мерекесінде дастарханды етсіз елестету мүмкін емес. Ет, қазы-қарта, жал-жая келген қонақтардың сыйлы, абыройлы екендіктерінен хабар береді.

фото: avatars.mds.yandex.net

Ал, бұдан бөлек, Наурыз мейрамында ұлттық тағамдардан, тарыдан, талқаннан жасалған түрлі тәттілер, бауырсақ, шелпек, қаттама да қойылуы тиіс. Талқаннан жасалатын тағамдарды мына мақаладан оқи аласыздар.

фото: od_images

Жалпы, дастарханда құс сүтінен басқаның бәрі болады. Тіпті, қонақтар дастарханнан шыныаяқ қояр жер таппай қалатын жағдайлар да жиі болып тұрады. Бұл қазақтың кең пейілділігін, кең даладай дархандығының бір белгісі іспеттес. Ұрын келген қонақ болсын, арнайы қонақ болсын наурызда қазақтың дастарханына риза болмай кетпейді.

фото: wp-content

Әрине, Наурыз мейрамының ең басты тағамы – наурыз көже екені белгілі. Наурыз көжені дәнді-дақылдар мен айран, ет, сүт, құрт, ұн қосып дәмді етіп қайнатады. Наурыз көже салқындатып ұсынылатын тағам. Оның көктем мезгілінде жасалуында көп мағына жатыр. Халық арасында наурыз көже құрамындағы дәнді-дақылдар адамға күш-қуат беріп, денсаулығын нығайтып, әлсіздікті жоятын қасиеті бар деген сенімдер тараған. Сол себепті де көжені көктем мезігілімен бірге келетін Наурызда дайындайды.

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


НАУРЫЗ дастарханы: талқаннан қанша түрлі тағам дайындай білесіз?


Оп-оңай жасалатын манты


Тәбетіңізді таңғы аспен ашыңыз!