​Сүзбеге не қосып жеуге болатынын білесіз бе?

0
8 475

СҮЗБЕ + жаңғақ + бал ма әлде СҮЗБЕ + жидектер + бал дәмдірек бола ма?


​Сүзбеге не қосып жеуге болатынын білесіз бе?

Сүзбе – өте пайдалы сүт өнімдерінің бірі. Оның құрамында кальций мен калий, А, В, С, Е дәрумендері өте көп. Осындай пайдасына қарамастан кейбіреулер сүзбені ұната бермейді. Бірақ та мына 9 қоспаны сүзбеге қосатын болсаңыз, дәмі өзгеріп, тәбетіңізді аша түседі. Әсіресе дұрыс тамақтануды қолға алғандар үшін бұл рецепттер аса қажет.

Ендеше сүзбеге қосылатын дәмді қоспалар тізімін ұсынайық!



  1. Сүзбе + аскөк + маринадталған қияр + балғын қияр
  2. Сүзбе + жаңғақ + бал
  3. Сүзбе + жидектер + бал
  4. Сүзбе + майдалап туралған қызыл балық + аскөк
  5. Сүзбе + какао дәмімен протеин қоспасы + кокос ұнтағы (дәмі баунти шоколадына ұқсайды)
  6. Сүзбе + табиғи йогурт + қант алмастырғыш
  7. Сүзбе + кептірілген жемістер (асқорытуды жақсартады)
  8. Сүзбе + балғын көкөністер (кәді, асқабақ, қырыққабат, тәтті бұрыш, қызанақ)
  9. Сүзбе + зімбір + лимон + бал (заталмасуды жылдамдатады).

Осындай әдіспен дайындалған сүзбеден бас тарту мүмкін емес. Жоғарыда келтірілген мәзірлердің ішінен өзіңізге ұнайтынын таңдап алып, қалауыңызша жасап көріңіз. Көңіліңізден шығатынына сенімдіміз.


Тез дайындалатын сүзбелі суфле



Қажетті өнімдер:

  • 1 дана алма
  • 180-200 гр. сүзбе
  • 1 дана жұмыртқа

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен алманы тазалап жуып, үккіштен өткізіп аламыз. Сосын осы алмаға сүзбе мен жұмыртқаны қосып, араластырамыз.
  2. Егер тым сұйық болып кетсе, оның еш артықшылығы жоқ. Осы қалпында кекске арналған кішірек формаларға салып шығу керек.
  3. Осылайша формаларға салынған суфлені 5 минут микротолқынды пешке салып қыздырамыз. Пісіру кезінде суфле көтерілмейтіндіктен форманы толтырып салуға болады.
  4. 5 минуттан соң беткі жағын саусақпен басып тексересіз. Сонда сүзбе қолға жабыспау керек. Егер сүзбе қолға жабысатындай болса, форманы қайтадан микротолқынды пешке салыңыз. 1-2 минутта дәмді суфле де дайын болады.
  5. Содан соң форманы тәрелкеге төңкеріп, дайын суфленің бетіне даршын ұнтағын себелеңіз.
  6. Қаласаңыз, суфлені духовкада дайындауға да болады. Мұндай жағдайда суфленің беті қызарып піседі де, арасы жұмсақ қалпында қалады. Яғни, суфлеміз дәмін жоймайды.
  7. Алманың орнына суфлеге алмұрт, банан, қайнатылған сәбіз бен асқабақ қосуға болады.


Шоколад пен сүзбе қосылған дәмді десерт



Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. сүзбе
  • 90 гр. шоколад
  • 30 гр. сары май
  • 10 гр. ванильді қант
  • 3 ас қасық қант ұнтағы

Дайындалу тәсілі:

  1. Бір плитка шоколадты бірнеше бөлікке бөліп, табаққа саламыз. Содан соң осы табақты қайнап тұрған суға қойып ерітеміз (водяной баня). Шоколад толықтай ерігенше жай отта ұстаймыз. Үнемі қозғап отыру керектігін ұмытпаймыз.
  2. Арнайы силиконды формаларды дайындап, шоколадтан азырақ құямыз. Сосын формаларды мұздатқышқа 10 минут салып қою керек. Осы уақыт өткеннен кейін формаларды алып, тағы да азырақ шоколад құйып, қайтадан мұздатқышқа саламыз.
  3. Енді арасына салынатын сүзбемізді дайындайық. Ол үшін сары майды ерітіп, оған ванильді қант пен қант ұнтағын қосып, жақсылап араластырамыз. Сосын сүзбені салып, барлығын араластыру керек.
  4. Енді шоколад құйылған арнайы формаларды мұздатқыштан шығарып, ішіне сүзбені саламыз да, бетіне шоколадтың қалғанын құямыз. Қасықпен жақсылап нығыздап, саңылау қалмайтындай етіп салу керек. Осылайша дайындалған десертті енді мұздатқышқа емес, тоңазытқышқа саламыз. 20 минутта шоколад барынша қатады. Дайын десертті дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қыстағы ҚҰНАРЛЫ АС: ҮШ ТҮРЛІ РЕЦЕПТ

Өте дәмді: МАНТЫны бұқпапеште ПІСІРІП көріңіз


ЖАҢА ЖЫЛ: Келе жатқан СИЫР жылында ДАСТАРХАНҒА не қою керек?