Тәбеташар ӨРІЛГЕН пирогтар мәзірі

0
3 608

Көп қабатты салмасы бар бұл пирогты сіз де дайындай аласыз.


Тәбеташар ӨРІЛГЕН пирогтар мәзірі

Пирог деген аты болмаса сырт көрінісі самсаға ұқсайтын аталмыш тағамға не қосылады? Ерекше әрі тойымды пирогтың салмасына не қосылатынын білесіз бе?


Екі түрлі салма салынған пирог

Қажетті өнімдер:

  • 250 гр. қатпарлы қамыр
  • 200 гр. фарш
  • 150 гр. саңырауқұлақ
  • 50 гр. ірімшік
  • 1 дана пияз

Дайындалу тәсілі:

  • Пирогтың ең алдымен салмасын дайындап алу қажет. Ол үшін табаға май құйып, майдалап туралған пиязды қуырамыз. Сәл қуырылған соң тұз, бұрыш қосамыз.
  • Қуырылған пияздың үстіне туралған саңырауқұлақты салу керек. Біраз қуырған соң тәрелкеге салып аламыз.
  • Осы табаға енді фаршты салып, майсыз қуырамыз. Фарш жартылай дайын болғанша қуырамыз.
  • Қамырды жұқалап әрі төртбұрышты етіп жаямыз. Ортасына алдымен фаршты саламыз. Оның бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелейміз.
  • Ірімшітен соң қуырылған пияз бен саңырауқұлақты саламыз. Кейіннен қайтадан үгітілген ірімшікті салсақ болғаны. Енді қамырды суреттегідей қылып кесіп шығу керек. Содан соң шаш өргендей қамырды өріп шығамыз. Сонда өте әдемі қыздың өрілген шашындай пирог шығады.
  • Осылайша дайындалған пирогты 180 градусқа қыздырылған пешке салып, 40 минуттай пісіреміз. Ерекше әрі дәмді пирогты ыстықтай жеген дұрыс. Бірақ та салқындатып жеуге де болады.


Жұмыртқа мен көк пияз салынған өрілген пирог


Қажетті өнімдер: Қамырына:

  • 500 гр. ұн
  • 10 гр. ашытқы
  • 1 дана жұмыртқа
  • ½ шай қасық тұз
  • 1 ас қасық қант
  • 250 мл сүт
  • 100 гр. сары май
  • 1 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 1 ас қасық күнжіт
  • Салмасына:
  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 бума көк пияз
  • 1 ас қасық сары май
  • ½ шай қасық тұз
  • ½ шай қасық бұрыш
  • 100 гр. қатты ірімшік
  • 100 гр. шұжық

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа ұн, тұз, қант, ашытқыны салып, араластырамыз. Ортасынан шұңғыл жасап, жұмыртқаны, жылы сүтті құямыз. Сосын ерітілген жылы сары майды қосып, жұмсақ қамыр илейміз.
  2. Қамыр қолға жабыспайтындай болуы керек. Қамырды пленкамен, сосын матамен орап қоямыз.
  3. Салмасын дайындау үшін қайнатылған жұмыртқаны майдалап турау керек. Көк пиязды да майдалап тураймыз. Көк пияз бен жұмыртқаны араластырып, тұз салсаңыз болғаны.
  4. Тақтайдың бетіне ұн себелеп, қамырды 35х25 көлемінде жаямыз. Содан соң осы жайылған қамырды ұзыннан үш бөлікке бөліп кесіп шығамыз.
  5. Ортасындағы қамырға шұжықты салып, бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелейміз. Сосын қамырдың екі жағын ортаға жинап, бір-біріне жабыстырамыз.
  6. Ал, екі жағындағы қамырға жұмыртқа мен көк пиязды салып шығамыз. Ал, бетіне ірімшікті себелеуді ұмытпаймыз. Қамырды бір-біріне жабыстырып, осылайша үш дана шұжықша тәрізді қамырлар шығады.
  7. Дайын үш қамырды өріп шығып, 1 бөлішке шығаруымыз керек. Бетіне жұмыртқаның сары уызын жағып, күнжітті себелейміз де, 180 градусқа қыздырылған пеште 35 минут бойы пісіреміз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қияр қосылған ӨТЕ ДӘМДІ үш салат


ЧУПА-ЧУПСке не қосылатынын білесіз бе?


1 стақан фарш + 1 стақан айран - дәмді пирог