Татарша "АЗУ" тағамын қалай дайындайды?

0
4 417

Азу - татар халқының ұлттық тағамдарының бірі.


Татарша

Бұл тағамды дайындау барысында етті алдымен қатты отта қуырып, сосын жай отта көкөністермен бірге бұқтырады. "Азу" тағамына еттің барлық түрін қосуға болады. Сиыр, қой, жылқы еттерінің қайсысын ұнатсаңыз, сол түрімен дайындай бересіз. Бүгінгі мәзірді Түркістан облысы, Сарыағаш қаласының келіні Нұрила Батырханқызы ұсынып отыр.

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. сиыр еті
  • 10-15 дана картоп
  • 2 дана пияз
  • 2 ас қасық томат пастасы
  • 10 ас қасық өсімдік майы
  • 1-2 шай қасық тұз
  • 1 шай қасық қара бұрыш
  • 4-5 дана маринадталған қияр
  • 3 тіс сарымсақ.

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті 2-2,5 см көлемінде текшелеп тураймыз. Картоптарды аршып, 4 бөлікке бөлеміз. Пиязды да текшелеп турау керек. Қиярды да текшелеп тураған дұрыс.
  2. Қазанға 3 ас қасық май құйып, етті салып қуырамыз. Қатты отта етті 5-6 минуттай қуырамыз.
  3. Сосын пиязды салып, тағы кішкене қуырамыз. Томат пастасын қосып, араластырамыз да қиярды сала беруге болады. Қақпағын жауып, ары қарай жай отта бұқтырамыз.
  4. Ет бұқтырылып жатқанда табаға май құйып, картопты қуырамыз. Картоп пісуге жақын қалғанша қып-қызыл болып қуырылуы керек.
  5. Картоп дайын болса, ет салынған қазанға аударып, тұз салып, барлығын жақсылап араластыру керек. Қазанның қақпағын жауып, 10 минут бұқтыру керек.
  6. 10 минуттан соң майдалап туралған сарымсақты салып, бір қозғап жібереміз. Қақпағын жауып, отты өшіреміз. Қазанның сыртынан майлық жауып, 30 минутқа қалдырамыз.
  7. 30 минутта тағам дайын болады.


ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Таңғы асқа құймақтың орнына тәтті пирог пісіріңіз


ҚЫСТЫҚ САЛАТТЫ қызылша қосып дайындаңыз