Тауық етінен дайындалған дәмді салаттар

0
7 800

Қонақ шақырарда әйелдер жағы алдымен дастархан мәзірін ойлайды. Әсіресе дастарханның сәнін келтірер салат дайындауда олар бар өнерін салады. Осындайда өте дәмді тауық етінен жасалатын салат "өтімді" болады.


Тауық етінен дайындалған дәмді салаттар

фото: foodman.club

Тауық еті мен ананастан салат

Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. тауық еті
  • 1 банка консервіленген жүгері
  • 1 банка консервіленген ананас
  • 3 дана жұмыртқа
  • 100 гр. сыр
  • 3 ас қасық майонез

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық еті мен жұмыртқаны алдын ала қайнатып пісіріп алыңыз. Сосын сырды салаттың ең бетіне үккіштен өткізіп салу керек. Сонда өте әдемі әрі дәмді салат шығады.
  2. Салаттың бетін әсемдегіңіз келсе, жүгеріні, ананасты, аскөкті пайдалануға болады.
  3. Содан соң тауық етін, турап, тәрелкенің ең астына саласыз. Бетіне майонез жағыңыз.
  4. Екінші қабатқа жүгеріні салыңыз. Оның да бетіне майонез жағып, консервіленген ананасты саласыз.
  5. Ананастың бетіне де майонез жағылады.
  6. Жұмыртқаны ірі үккіштен өткізіп, оны себелейсіз де, майонез жағасыз.


Тауық еті мен брынзадан дайындалған салат

фото: fannykitchen.com

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана тауық еті
  • 50 гр. брынза
  • 1 дана лимон
  • 1 дана салат жапырағы
  • 1 дана қияр
  • 3 дана қызанақ
  • ½ дана қызыл пияз
  • 2 ас қасық лимон шырыны
  • 5 гр. сарымсақ
  • 60 мл зәйтүн майы (қуыру үшін)
  • Дәміне қарай орегано, зәйтүн, тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етін тазалап жуып, кептіріп қойыңыз. Сосын етке лимон шырынын, тұз, бұрышты, азырақ орегано қосасыз. Барлығын араластырып, маринадтап қоясыз.
  2. Ал, басқа да керектілерді дайындау үшін, алдымен зәйтүн майын, лимон шырынын және ұнтақталған сарымсақты араластырыңыз. Осы араласпаға тұз, бұрыш, орегано қосу керек. Барлығын араластырып, туралған көкөністерді саласыз.
  3. Тауық етін майға қуырып аласыз. Пісіп шыққан соң салатқа қосыңыз. Салатқа қалауыңызша зәйтүндерді, брынзаны, сырды қоса аласыз. Соңында зәйтүн майы араласпасын құйып, тәрелкеге саласыз да, дастарханға ұсына бересіз. Салат дайын!

Әзірлеген: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ