Түрлі тіскебасарды қалай дайындайды?

0
306
Қонақ дастарханының көркін осындай дәмді де ерекше тіскебасарлар ашады

Түрлі тіскебасарды қалай дайындайды?

фото: interesnovsem.info

Қонақ шақырарда ас мәзірінде тіскебасардың болуы заңдылық. Ол дастарханның сәнін кіргізіп, жайнатып жібереді. Бірақ, тіскебасарды дайындағанда оның құрамына, пісіп шыққаннан кейінгі әсемдігіне мән беру керек. Сонда ғана сіздің дастарханыңызды ешкім сөз етпейтін болады. Ендеше, осындай тіскебасарлардың бірнеше түрін жасауды үйреніп алыңыз!

Фарш салынған дәмді картоп

фото: youtube.com

Қажетті өнімдер:

  • 6 дана орташа көлемдегі картоп
  • 3 дана тәтті сары болгар бұрышы
  • 400 гр. консервіленген балық майымен
  • 3 дана жұмыртқа
  • 3 тілім ақ нан
  • 2 ас қасық кептірілген нан
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • 2 ас қасық сары май
  • Ақжелкен
  • ½ шай қасық кептірілген орегано
  • Тұз

Дайындалу тәсілі:

  1. Пешті 200 градусқа дейін қыздырып, болгар бұрыштарын салып, 10-15 минут ұстайсыз. Осы уақыт өткеннен кейін болгар бұрышын алып, пешті өшірмейсіз.
  2. Картопты аршып, тілімдеп турайсыз. Бірақ әрбір тілім бір-бірінен бөлініп қалмауы тиіс. Сосын осы картоптарды майланған табаға салып, жарты стақан су құясыз да, қақпағын жауып, жай отта 12-15 минут бұқтырасыз.
  3. Ал пиязды жұқалап турап, картоптардың арасына саласыз да, бетіне текшелеп туралған сары майдан бір-біреуден қойып шығасыз.
  4. Нанды суға жібітіп езесіз. Ал, балықты өз майна шанышқымен езіп, нанды араластырасыз да, майдалап туралған ақжелкен мен шым-шым тұз, ореганоны себелеу керек. Жұмыртқаны да салып, барлығын жақсылап араластырыңыз.
  5. Піскен болгар бұрыштарын ортасынан бөліп, дәнінен тазартасыз да, дайын фаршты саласыз. Оның бетіне ұнтақталған нанды себелеңіз. Табаға пергамент қағазын салып, фарш салынған болгар бұрышын қойыңыз. Болгар бұрышының қасына картопты да салып, бірге пісіреді. Дайын болғаннан кейін тағамды ыстықтай ұсынсаңыз болады.

Балық қосылған картоп орамасы


фото: olshoyvopros.ru

Қажетті өнімдер:

  • Өсімдік майы
  • 1 дана үлкен қызылша
  • жарты бума көк пияз
  • 600 гр. картоп
  • 250 гр. жартылай тұздалған майшабақ
  • Тұз, бұрыш
  • 1 дана жұмыртқа

Дайындалу тәсілі:

  1. Қызылша мен картопты аршып, бөлек-бөлек қайнатып алыңыз. Кастрөлдегі қайнаған суды төгіп, азырақ алып қаласыз. Сосын картопты езіп, сол суға саласыз. Езбеге жұмыртқаны салып, жақсылап араластыру керек.
  2. Қызылшаны суытып, үккіштен өткізіңіз. Ал, майшабақты жұқалап әрі жіңішкелеп турау қажет. Көк пиязды майдалап турайсыз.
  3. Үстелдің үстіне фольга қағазын төсеп, оның бетіне пергамент қағазын саласыз. Сосын пергамент қағазына алдымен картоп езбесін жайып салып, бетіне өсімдік майын құйып, тегістеп шығасыз.
  4. Енді картоп езбесінің бетіне қызылшаны, тілімдеп туралған майшабақты, көк пиязды салады.
  5. Пергамент қағазын абайлап орап, сыртынан фольганы да орап шығасыз. Осылайша оралған фольга қағазын 2 сағат тоңазытқышқа сала тұрыңыз. Дастарханға ұсынарда қағаздарын алып тастайсыз да, рулетті кесіп қоя бересіз.

Құйрық май қосылған тіскебасар

фото: devyatka.ru

Қажетті өнімдер:

  • 20 дана орташа көлемдегі картоп
  • 300-400 гр. қойдың құйрық майы
  • 2 ас қасық зире
  • Теңіз тұзы, ұнтақталған бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Құйрық майды алдын ала мұздатқышқа салып, қатырып алыңыз. Содан соң қалыңдығын 3 мм етіп турайсыз.
  2. Картопты щеткамен тазалап жуыңыз. Содан соң екіге бөліп, ортасындағы етті жерінен азырақ алып тастайсыз да оның орнына зире мен тұз, бұрышты сеуіп, құйрық майды шамалап саласыз.
  3. Пешті 190 градусқа дейін қыздырып, картопты 40 минут пісіресіз. Осылайша дайындалған тіскебасарды ыстықтай жеген дұрыс.


Дайындаған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет