ЖЫЛДАМ әрі ДӘМДІ тағам

0
2 404

Бұл тағамды күнделікті әзірлеуге де болады.


ЖЫЛДАМ әрі ДӘМДІ тағам

Қарапайым тауық етінен дайындалатын пісірме өте нәрлі әрі дәмді болып шығады.


Қажетті қоспалар:

  • 2-3 тіс сарымсақ
  • 1 бума ақжелкен
  • 1 ас қасық қыша дәмдеуіші
  • 1 ас қасық қаймақ
  • 50-70 гр. қатты ірімшік
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 2-3 дана тауық еті
  • 1 дана қызанақ


Дайындалу тәсілі:

  1. Ақжелкенді майдалап турап, сарымсақты аршып, арнайы сарымсыққыштан өткіземіз. Екеуін араластырып, 1 ас қасық қышаны салып, араластыру керек.
  2. Осы араласпаға қаймақ пен ірімшікті, қара бұрышты салып, барлығын араластырамыз. Салмасына қозықұйрық қоссаңыз да болады. Салмамыз дайын!
  3. Енді тауық етін ортасынан кесіп, арасын ашамыз да, екі жаққа жаямыз. Бірақ етті соңына дейін кесіп, екіге бөліп тастамайсыз.
  4. Осы етке қара бұрыш пен тұз себеміз.
  5. Еттің бетіне салманы жайып салып, қайтадан етті бүктейміз. Сонда салма ортасында қалуы керек.


6. Табаға пергамент қағазын салып, май жағамыз да, салма салынған тауық етін жайғастырамыз. Сөйтіп пергамент қағазының екі жағын шиыршықтап, қайық сиықты қалыпқа келтіреміз. Екінші етті де осылай саламыз.

7. Пергамент қағазына салынған еттің бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп, туралған қызанақты қойып шығамыз.

8. Осылайша дайындалған пісірмені 200 градусқа дейін қыздырылған пешке салып, 40 минут пісіреміз. Өте дәмді әрі нәрлі тағамымыз да дайын болды.


Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


"Чикен" дайындаудың ең оңай тәсілдері


Микротолқынды пеште аз уақытта пісетін тағамдар