БҰЛАРДЫ тебуге БОЛМАЙДЫ

0
8 874

«ІСТЕМЕ, БОЛМАЙДЫ» деді ме, істемеуіміз керек...


БҰЛАРДЫ тебуге БОЛМАЙДЫ

Қазақтың салт-дәстүрлерінен, ұстанымдарынан келіп шығатын ырым-тыйымдар өте көп. Қазір біз кейбіріне аса мән бермегенімізбен тыйым салынған нәрсені істемегеннің ешқандай зардабы жоқ. Бізден бұрын өмір сүрген, көрегенділігі мол ата-бабамыздың жүріп өткен жолымен жүрсек, солардың бізге қалдырып кеткен ұстанымдарымен өмір сүрсек, ешқашан адамдықтан айнымаған болар едік.


МАЛды ТЕБУге болмайды

Малмен тіршілігі біте қайнасқан қазақ халқы үшін төрт түлік малдың киесі болады.

«Малды теппе құлындайды биесі,

Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі.

Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп-тегін.

Айуанды тепкенің-ырысыңды төккенің» деген жолдардан қазақтың күнкөріс көзіне айналдырып отырған төрт түлік малды ерекше қастерлейтінін көруге болады. Сонымен қатар, малға қатысты заттарды да елеусіз қалдырмаған. Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.

Мал ұстайтын құралдарды (құрық, бұғалық т.б.) аттамайды, аяқ тигізіп, теппейді. Өйткені мал ұстайтын құралдарды да киелі деп санаған. Онсыз мал басы кемиді деп ырымдаған.


НАНды, асты тебуге болмайды

Нанды дегенде, бүтіндей нан немесе ас жерде жатпайтыны белгілі. Біздің айтпағымыз, қазіргі кезде әр үйде кішкентай бала бар. Көпшілігіңізге таныс жағдай болуы да мүмкін, бала дастарханда отырып тамақтануға үйренбеген. Ата-ана жұмыста, қолына ілінген нан, бауырсақ, тәтті күлше, сол секілді қандай да бір азықты қолына ұстап, үзіп жеп жүреді.

Осылай жегеннен әр жерде нанның кішкентай ұсақтары түсіп қалады. Соны баспай, жинап алу керек. Біріншіден, нанды біз астың атасы дейміз. Нанды қадірлеу, киесінен қорқудан туындаған тыйымдар.

«Нан қиқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар! Теріп алып қастерлеп, торғайларға тастаңдар!» деген шумақтарды бала күнімізден жаттап өстік, біздің де балаларымыз жатқа біледі. Ал осының астарында ас атасы-нанды қадірлеуге үндеу жатыр.

Халқымыздың ашаршылықты, нәубет жылдарды бастан кешіп, осы күнге аман жеткені ата-бабаларымыздың ниетінен, кез-келген жаратылысты қадірлеуінен.




Көшеде жатқан СҮЙЕКті тебуге болмайды

"Сүйек жындардың қорегі, ал тезек олардың көліктерінің қорегі" деген діни сенім бар. Осы жағдай ескерілмей қалса, адам өзінің тарапынан жындарға зиян тигізген болып, нәтижесінде жын адамға жұғысуы мүмкін. Ата-баба сенімінде де, шариғат жолында да адам таза жүріп-тұру керек. Яғни, түсініксіз сырқатпен ауырған адамды «жаман, лас жерді басып кеткен» деп жорамалдайды. Ел арасында «жын-пері ұрып кетіпті» дегенді сіз де естіп жүрген боларсыз?

Дінді берік ұстанған халқымыздың шариғат шеңберінен аспауға тырысып, соған сай тыйымдарды да адамзаттың аман-саулығы үшін айтады. Дінімізде де «жындардың азығы адамнан қалған тамақ, сүйек-саяқтар жіне малдың тезегі» деп ескертілгендіктен, адамдар сүйек және тезекпен истижмар (астын сүрту) жасауға болмайды. Сол сияқты мал қораға, жердің жарықтарына, індерге дәрет сындырған адамға жын жұғысады деген қауіп бар.


КҮЛді ТЕППЕ, баспа

Қазір от жағып, күл шығаратындар азайды. Дегенмен, даладағы ошаққа от жағып, жиын жасайтын кезде абай болған жөн. Күлді де адам аяғы баспайтын жерге апарып төккен дұрыс.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: НҰР ӘЛЕМ

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖҮКТІ әйелге не істеуге БОЛМАЙДЫ?

БОСАҒАНЫ неге КЕРУГЕ болмайды?